Тәуелсіздік күніне орай №25 жалпы білім беретін мектепте облыс өлкетанушыларының қатысуымен «Өлке сырлары: ашық әңгіме» атты еркін форматтағы кездесу өтті. 10–11 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған шарада мамандар туған елдің тарихында ашылмаған деректер мен сирек мәліметтерді ортаға салды.

Өлке тарихын танытуға бағытталған мұндай шағын шаралардың әрбір аудан мен ауыл мектептерінде өткізілуі жас буынның тәрбиесіне, елдік санасының қалыптасуына үлкен әсер береді. Мамандардың айтуынша, туған жердің өткенін білу ұлттың рухани тұтастығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі.

Ертай Жүсіпов, шығыстанушы, филология ғылымының кандидаты, профессор

Былайша айтқанша өлкетану, осы елдің тарихын лқушыларға таныстыру, олардың ойын қалыптастыру.Облыстық өлкетанушылар қоғамымен бірігіп осындай шара ұйымдастырғанына аоғыс білдіремін.Жалпы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әсіресе мектеп жас ұрпақты тәрбиелеуде өлкетану өте керек дүние деп есептеймін.

Жастар үшін бұл күн тек сабақтан тұратын қарапайым күн болмады. Олар үшін бұл туған елдің тамырына бойлау, өз жерінің үнін тыңдау, тарихқа жақындай түсу мүмкіндігі еді.

Гүлден Оразова, №25 ЖОББ мектебінің басшысы

Туған өлке тарихы ашық әңгіме тоқ шоуы тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отыр. Облысымыздың өлкетанушыларымен бүгін ашық әңгіме өтетіп жатыр. Болашақта оқуышлар нағыз зерттеушілерден естіп ой түйіндейді деген ойдамыз. Өздеріне бағыт бағдар алып өздерінің зерттеушлілік дағдыларын дамытады деген сенімдемін.

Шараға қатысқан оқушылар мамандардың әңгімесінен тың тарихи деректермен танысып, зерттеу жұмысына деген қызығушылықтары арта түсті. Ұйымдастырушылар мұндай ашық кездесулерді дәстүрге айналдырып, алдағы уақытта өңір мектептерінде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Дильназ Қуанышбекқызы