Биыл ауданға 17 млрд теңге инвестиция тартылып, 1000-нан астам жұмыс орны ашылған. Келер жылы Баянауыл ауданын дамытуға облыстық бюджеттен 4 млрд теңге бөлінеді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады деді, облыс әкімі.
Сөз басында аймақ басшысы Баянауыл ауданының экономикасы тұрақты өсімді көрсетуде деді. Соңғы үш жылда ауданға қомақты қаражат бөлінген. 30 млрд теңгеге 150 жоба іске асырылды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Биыл ауданға 17 млрд теңгеге инвестиция тартылып 1500 жаңа жұмыс орны ашылды. 22 мың халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған. 280 шақырымнан астам республикалық, аудандық, ауылішілік жолдар асфальтталды. Тас жол төселіп, аулалар абаттандырылды. Сабындыкөл аумағы абаттандырылып, 100 жуық сәулет ынсаны орнатылды.
Ауданда 23 спорт және балалар алаңдары қойылды. Соңғы үш жылда 10 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 5 білім ордасына жаңа автобустар сатып алынды. Ал, денсаулық сақтау саласында 8 нысан күрделі жөнделіп, жаңадан 10 санитарлық автокөлік пайдалануға берілді. Сондай ақ, ауданда 7 мәдени нысан жөнделді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Екібастұз Майқайың жолын жөндеуді бастадық. Келесі жылы аяқтаймыз. Жақын арада Жаңатілекте, Баянауылда спорт кешенін ашамыз. Сапар орталығы ашылады. Әлі жұмыстар баршылық. Облыстық бюджеттен 4 млрд теңге бөлінді. Сондықтан келешекте ілкімді жұмыстар атқарылатын болады.
Қарағанды облысы Бұқар жыру ауылы мен Баянауыл ауданының Мұса Шорман ауылын қосатын жаңа жол салынбақ. Одан басқа, Лекер ауылы мен Ақшиман ауылдары арасында да жаңа жол болады. Сондай-ақ, Баянауылда 140 орындық балабақша салынып, Жаңатілекте мектеп жөнделеді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Биыл Мұса Шорман ауылында Мәшһүр Жүсіп лиманды су жүйелері жүзеге асырылды. Дәл осындай жобаны Жаңатілек қорық лиманында атқарылады. Сондай ақ, жаңа көпір салу туралы шешім қабылданды. Тікелей бақылауға алыңыз.
Кездесудің екінші бөлігінде тұрғындарға сөз берілді.
Аудандық әкімдік өкілі жергілікті мердігердің техникасы жеткілікті, бірақ кейде үлгермейді деп ақталды.
Сонымен қатар, шаруалар электрэнергияның жетспеушілігі туралы да сұрақ көтерді.
Сонымен кездесу барысында, баянауылдықтар қаңғыбас иттер, дәріхана ашу, стоматологиялық қызмет, жолдар туралы туралы сұрақтарын қойды.
Мемлекет басшысы халықпен тұрақты байланыс орнатуды үнемі баса айтады. Сондықтан облыс әкімі Асайын Байханов елдімекендердегі халықтың жағдайымен таныс болу мақсатында жиі кездесулерге шығып отырады. Осы жолы Баянауыл ауданында болып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Самал Қалиқызы