Облыс орталығында Мәшһүр Жүсіп көшесі, 2 мекенжайында «Аманат» партиясының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза бейсенбі» шарасын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — қала аумағын абаттандыру, аулалар мен көшелерді қардан тазарту, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру. Жыл соңына дейін 30-ға жуық аула мен қоғамдық аумақта сенбіліктер ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Қардың қалың түсуіне байланысты «Аманат» партиясының мүшелері мен қала тұрғындары бірігіп, аулаларды қардан тазалап, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтірді. Қоғамдық белсенділер мен еріктілер де бұл бастамадан шет қалған жоқ.

Назым Сүлейменова, «Аманат» партиясы Павлодар қалалық филиалының консультанты

Партияластармен таза қазақстан акциясы аясында сенбліікке таза бейсенбі акциясына қатысып жатырмыз. Бұл акция әр бейсенбі өтіп жатады. Қала тұрғындарын аулаларды таза ұстауға шақырамыз. Алдағы уақытта да біз қала аулаларын саябақтарын тазалауды жоспарлар жатырмыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза бейсенбі» қаланың әр ауданында жалғасын табады. Тұрғындардың белсенділігі артқан сайын, шаһарды тазарту жұмыстары да қарқын ала түспек.

Дильназ Қуанышбекқызы