Тереңкөл ауданында оқушылар үйі жөндеуден өтті. Бірнеше үйірмені қамтитың қосымша білім беру мекемесінің сыймдылығы 180 оқушыға шақталған. Мұнда театр, қолөнер, мектепке даярлық, теннис кабинеттері жұмыс істейді. Енді ауыл жеткіншектері қаладан кем емес қосымша біліммен қамтылып отыр.

Оқушылар үйінің ғимараты 1999 жылы салынған. Алғашында бұнда тігін цехі орналасқан екен. Кейін бұл жерде басқа да мекемелер жұмыс істеді. Енді қазір нысан толық қосымша білім беру мекемесіне тапсырылды. Бүгін мұнда жүзден астам бала спорт, өнер және басқа да үйірмелерге қатысып, өз қабілеттерін дамытып жүр.

Қымбат Шижбанова, оқушылар үйінің директоры

Біз күні бойы жұмыс істейміз. Себебі, түске дейін және түстен кейін білім алатын шәкірттер бар. Тәңертең сағат 9-да балаларды қабылдаймыз. Үйірме бағыттары да әр түрлі. Оның ішінде театр, вокал, тенис, мектепке даярлық топтары бар.

Оқушылар заманауй талаптарға сай жаңартылған ғимаратта Аспаздық өнерін меңгеріп, түрлі тәтті тағамдар жасай алады. Ісмерлер қолөнермен айналысып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Жас суретшілер қиялын қағаз бетіне салады. Ал инновациялық қызығатын балалар арнайы технопарк кабинетінде білімін жетілдіреді. Спортқа құштар балалар теннис үйірмесінде күнделікті жаттығуға мүмкіндіктер қарастырылған.

Қымбат Шижбанова, оқушылар үйінің директоры

2023 жылы біздің ұйым өңірлік әкімдік бағдарламасы аясында «Үздік қосымша білім беру ұйымы» атанып, грант иеленді. Осы мүмкіндік арқасында үйірмелерге қажетті заманауи техника сатып алынды. Атап айтқанда, 21 ғасыр талаптарына сай ЛЭД экран, интерактивті тач-панельдер, сондай-ақ киберспортқа арналған арнайы жабдықтар алынды. Бұл мүмкіндіктер оқушылардың қызығушылығын арттырып, үйірмелердің жұмысын жаңа деңгейге көтерді.

Оқушылар үйінде мектепке дейінгі даярлық топтар да жұмыс істейді. Бұл бөлімде балалардың қабілетін ашуға бағытталған дамыту бағдарламалары жүзеге асырылады. Сонымен қатар, үш тілде білім алу мүмкіндігі қарастырылып, балалардың тілдік дағдыларын ерте жастан қалыптастыруға жағдай жасалған.

Қымбат Шижбанова, оқушылар үйінің директоры

Біздің үйірмелеріміздің арқасында балалар өз таланттарын ашып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Қазір балалар кейде ойларын жеткізе алмай жатады. Ал осындай үйірме арқылы балалар сахнада сенімді болып, өзін еркін ұстай біледі. Сөйлеу дағдылары дамып, диалогқа қатысу қабілеттері жетілдіреді.

Оқушылар үйінде 30-ға жуық педагог қызмет атқарады. Олардың сегізі – педагог-модератор, ал үшеуі – педагог-эксперт санатында жұмыс істейді.

Байтұрсын Жұмабай