Павлодарда 24 мұз айдыны мен 10 сырғанақ жұмыс істейді. Биыл алғаш рет Орталық алаңда қосымша екі жаңа мұз айдыны орнатылады. Қазір айдындарда мұз құю жұмыстары басталды. Барлық нысандар 20 желтоқсанға дейін толық пайдалануға беріледі.
Қала ауласындағы барлық мұз айдындарында тегін сырғанауға болады. Сонымен қатар тегін коньки - Орталық алаңда, Қалалық бақта, Гагарин паркінде және Малайсары көшесі 39 мекенжайындағы жабық хоккей кортында беріледі. Басқа айдындарда тұрғындар өз конькилерімен сырғанай алады. Мұз айдындары жұмыс күндері сағат 12:00–21:00 дейін, демалыс күндері 11:00–21:00 аралығында ашық болады. Ал, сейсенбі техникалық үзіліс күні болып саналады. Мұз сапасын қамтамасыз ету үшін айдындар аптасына 3–4 рет құйылады. Одан бөлек, шаһарда 10 сырғанақ орнатылады.
Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы
Олар мына көшелерде жұмыс істейді. Гагарин паркі, «Ertis Olimpic» бассейні маңы, Аймауытов атындағы театр жанында, Химгородок шағын ауданындағы «Гусиный перелёт» аумағында, Малайсары көшесі 21, «Восточный» шағын ауданы, Достық шағын ауданы, Металлургтер паркі, Назарбаев даңғылы 3/2, Павлодар қаласының 2-ші шағын ауданы және МДС–Дачный ауданында.
Сондай-ақ, қала тұрғындары үшін шаңғы жалға тегін беріледі. Олар «Зеленая роща» және «Усолка» шаңғы базасында орнатылған.
Сабина Жолдаспаева