Павлодар қаласының Достық үйінде «Адал білім – адал ұрпақ» атты аймақтық форум өтті. Шара «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында білім беру саласында адалдық мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеді. Форумға білім беру ұйымдарының басшылары, ұстаздар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Форум барысында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру – барлық мемлекеттік органдар үшін маңызды міндет екені айтылды. Облыста құқық қорғау құрылымдары мен мемлекеттік қызметшілер қоғам белсенділерімен бірлесіп, ашықтық пен жауапкершілікті арттыру бағытында жұмыс жүргізіп келеді.

Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Бүгінгі күні облыс деңгейінде жұмыс барысы мемлекет басшысының 2025 жылдың 5 қарашасындағы жарлығымен бекітілген ҚР ішкі саясатының негізгі қағдаттары, құндылықтары мен бағыттары аясында жүйелі түрде белсенділуде. Павлодар облысы әрқашан мықты педагогикалық мектеп пен жоғары білім стандарттың өңірі болып келеді. Біздің міндетіміз осы дәстүрлерді сақтап, адалдық пен жауапкершілікті тәрбие мен оқытудың негізі қағидатына айналдыру. Заң және тәртіп жобасы бізге білім беру саласындағы тәртіпті, ашықтықты және сенімділікті жүйелі түрде нығайтуға мүмкіндік береді.

Жиында мектептер мен жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, ашықтықты арттыру жолдары және жастарды адалдыққа баулудың тиімді әдістері талқыланды. Қатысушылар оқу орындарында әділдік пен жауапкершілікті күшейту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Азамат Ермаханов, Павлодар облысы прокурорының орынбасары

Жастар арасында, әсіресе оқу орындарында білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес оның алғы шарттарын жою өте маңызды. Білім беру мекемелері бұл бағытта қомақты жұмыстар атқару, бірнеше арнайы пәндер өткізу бізге мәлім. Дегенмен, жастарға үнемі дұрыс бағыт беру қажет. Прокоратура тарапынан көп жұмыстар атқарылады. Сонмен қатар профилактикалық тұрғыда сот отырысында жастардың қатысуы қамтамасыз етіледі. Адал білім, адал ұрпақ форумы жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, өз септігін тигізетініне сенімдімін.

Білім беру саласында адалдық принциптерін насихаттау жұмыстары жалғасатыны айтылды. Аймақта адалдық мәдениетін дамытуға арналған жобалар әрі қарай да қолдау тауып, оқу орындарында жүйелі түрде жүзеге асады.

Сабина Жолдаспаева