Тереңкөл ауданы Ивановка ауылына оңтүстік өңірлерден 11 отбасы қоныс аударды. Бұл ауыл халқының көбейіп, әлеуметтік әлеуетінің артуына ықпал етіп отырған маңызды қадам. Толығырақ тілші материалында.

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде соңғы жылдары Ивановка ауылына бірнеше отбасы көшіп келді. Қоныс аудару әлі жалғасуда. Қазір ауылға шамамен 70-тен астам адам келіп, жаңа өмірін осында бастады.

Еркебұлан Айтқұл, Ивановка ЖОББ мектебінің мұғалімі

Жамбыл облысы Байзақ ауданы...қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімімін. Иә, мен осы бағдарламаны мамандардан сұрастырғанда осы ауылда менің мамандығым бойынша ұсыныс берді. Бірінші келіп көріп кеттім. Содан кейін көшіп келдім.

Дәурен Абраев, Ивановка ауылдық округінің әкімі

Иә үлкен үлес қосты ғой біздің ауылымызға. Санын көбейтті. Оқушылар саның көбейтті. Бұл жақсы бағдарлама деп ойлаймын.

Еркебұлан Айтқұл Ивановкаға бес жыл бұрын қоныс аударған. Ол өзін ғана емес, бірнеше отбасына жол көрсетіп, Павлодар облысына қоныстануына себепкер болғанын айтады. Бүгінде ұстаз тұрақты жұмыс істеп, ауыл өміріне сіңісіп кеткен.

Еркебұлан Айтқұл, Ивановка ЖОББМ мұғалімі

Менен сұрастырып келгендер болды. Арасында. Көбісі өзі танысып келген кісілер бар.

Кейіпкеріміз ауыл аймақтарды дамытуға әр азаматтың үлесі маңызды екенін атап өтті. Мемлекеттік бағдарламалар бар кезде еңбек етуге, жаңа жерге бейімделуге мүмкіндік көп екенін жеткізді.

Қазір Ивановка ауылында 535 адам тұрады. Бұл елді мекеннің әлеуметтік тұрғыдан тұрақты дамып, тұрғындар санының жылдан-жылға артып келе жатқанын көрсетеді.

Байтұрсын Жұмабай