Ел егемендігі күні қарсаңында Павлодар қаласындағы №35 мектепте «Жас сарбаз» кабинеті ашылды. Енді мұнда оқушылар әскери-патриоттық бағытта тәрбие алады. Тілші әңгімелейді.
Алдымен облыстық семинар өтті. Онда табысты тұлғаны дамыту және тәрбиелеу тақырыбында топтық жұмыс ұйымдастырылды. Семинардан соң «Жас сарбаз» кабинеті ашылды. Өскелең ұрпақтың әскери шыңдалған, рухы биік әрі отансүйгіш болып өсуі маңызды. Бұл кабинет жастарға осы қасиеттерді бойына сіңіруге мүмкіндік береді.
Гаухар Бектемірова, Павлодар қаласы №35 ЖОББМ басшысы
Кабинеттің ішінде көптеген стендттер оның ішінде барлық дайындықтар бойынша атыс, әскери работотехника барлық стендтер қамтылған. Оның ішінде атап айтсақ ҚР туы және де басқа да тулар бізде қамтылып отыр. сонымен қатар автоматтың жаңа лазерлік, олар кабинетімізге алынған.
Бұл күні оқушылар «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы өкілдері және облыстық қорғаныс істері департаментінің офицерлерімен кездесті. Мамандар бастаманың тәрбиелік маңызын атап өтті.
Роман Дүйсенғалиев, Павлодар облысы қорғаныс істері жөнінде департаментінің маманы
Болашақ отан қорғаушыларды тәрбиелеу мақсатында Отан сүйгішьікке баулау мақсатында ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу мақсатында ашылған сыныптар. Әскери патроиттық тәрбие беру мақсатында білу мақсатында ашылған сыныптар.
Әскери дайындық сабағында оқушылар саптық және атыс дайындығы, ұрыс іс-қимылдарының негіздерін меңгереді. Сондай-ақ әскери робототехникамен жұмыс істеуді, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренеді.
Әйгерім Тоқпанқызы