Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» атты тағылымды кеш өтті. Шараға өңірдің ғалымдары мен профессорлары, студенттер, әскери бөлім сарбаздары және Желтоқсан оқиғасының куәгерлері қатысты.
Желтоқсан көтерілісі – қазақ жастарының еркіндікке деген жігері мен қайсар рухының айқын көрінісі. Бұл оқиға, тәуелсіздікке бастар жолды айқындады. Кеш қонақтары азаттық жолында жанын қиған боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялады
Бұл кеш ел тарихындағы маңызды оқиғаны еске алып, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның бағасын ұғындыруға бағытталған тағылымды шара болды. Қатысушылар Желтоқсан оқиғасындағы қоғамдық ахуалымен және көтеріліске қатысқан жастардың тағдырымен танысты.
Рамазан Дәуренбекұлы, Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері
Бұл кештің мақсаты сол адамдардың, қатысушылардың сол сәтте кешкен күйін, көрген оқиғаларын келесі ұрпаққа аманат етіп қалдыру. Осыны есте сақтау және ардақтау. Арнайы шықырылған біздің өңіріміздің профессорлары, зиялы қауымдары және үлкен буын өкілдері осы кеште жастармен әңгіме өрбітті. Желтоқсан оқиғасының қадірі жайлы, қаншалықты біз үшін маңызды екені жайлы көптген сөздер айтылды.
Шараның құрметті қонақтары, сол тарихи күндердің куәгерлері. Олар Желтоқсан көтерілісінің мәні, сол кезеңдегі қиындықтар мен жастардың ерлігі туралы өз пікірлерімен бөлісті. Жас буынға ой салатын, ел тарихына деген құрметті арттыратын маңызды ақпаратқа толы болды.
Айман Зейнулина, филология ғылымының кандидаты, профессор
Бүгінгі біздің туы желбіреп тұрған тәуелсіздігіміз - қан мен сол кездегі 86 жылғы қазақ жастардың рухымен келген жеңіс. Бүгінгі күні оның маңызы жыл сайын ғасырдан-ғасырға барып, арта беретіні сөзсіз. Ең бастысы бізі қуантатыны-ел президентінің желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастар бүгінгі тәуелсіздіктің әкелген қарлығаштары деп берге бағасы біз үшін өте ерекше. Өкінішке қарай, кітаптарымызда, деректі фильмдерде, көркем шығрмаларада, жалпы қоғамда желтоқсан көтерілісінің маңызы аз айтылады. Ашық айтылып жатқан жоқ әлі.
Әскерилер мен өнерпаздар өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындалды. Шараның мазмұнын тереңдеткен музыкалық және әдеби композициялар көрермендерді бір сәтке сол тарихи жылдарды еске түсірді.
Сабина Жолдаспаева