Павлодар қаласында жаңа жыл мерекесіне дайындық басталды. Шаһар тұрғындары мен қонақтарына көңіл күй сыйлау мақсатында безендіру жұмыстары жоспарланған. Орталық алаңда бас шыршаны орнату жұмыстары жүргізілуде.

Облыс орталығында үш жасанды шырша орнатылады. Сонымен қатар, шырша пішінді бес металл конструкция қойылады. Бұдан бөлек, қала аумағында шамамен 400-ге жуық сәндік элемент орналастырылады. Олардың қатарында ағаштарға ілінетін әшекейлер мен түрлі жарық композициялары бар.

Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы

Сонымен қатар, өткен жылдағыдай қысқы қала аумағы жасалады. Мұнда бір үлкен және бір кіші ағаш сырғанақ, жаңа жылдық шырша, шамамен 20 металл және жарық инсталляциясы орнатылады. Мұз айдыны үшін қажет металл конструкциялар биыл да қолданылады. Өткен жылдардың барлық мерекелік құралдары жақсы сақталған және қайта пайдаланылады. Желтоқсан айының екінші жартысында қаланың Орталық алаңында басты шыршаның шамдарын жағу салтанаты өтеді.

Жаңа жылдық шараларды ұйымдастыруға және қаланы мерекелік безендіруге жергілікті бюджеттен 23 миллион теңге бөлінген. Жоспарланған жұмыстар мереке қарсаңында толық аяқталады.

Сабина Жолдаспаева