Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университетте Тәуелсіздік күні аясында ғылыми практикалық конференция ұйымдастырылды. Онда тәуелсіздіктің берері мен оны сақтап қалу жолындағы жастардың үлесі сөз етілді. Конференция аясында желтоқсан оқиғасы туралы баяндамалар оқылды.

Тәуелсіздік: тарих, тағылым, болашақ. Дәл осындай тақырыппен өткен ғылыми практикалық конференцияда басты байлығымыз - тәуелсіздіктің қандай жолмен келгені баяндалды. Шара халқымыздың өз тәуелсіздігі жолындағы күресін ұлықтап, өткеннің сабақтарын зерделеп, болашаққа бағыт-бағдар жасауға арналған терең ойлы алаң.

Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Құрметті үлкендеріміз жастар, біздің ортақ ісімізге атсалысқан барлық жанға алғыс білдіреміз. Бүгінгі кездесуіміз, тәуелсіздік жолындағы жетістіктерді саралап, жас ұрпақтың ел дамуына қосатын үлесін талқылауға арналған алаң. Жастар тәуелсіз жаңа қазақстанның тірегі, қозғаушы күші, сондықтан сіздерге үлкендерге, жастарға үміт зор.

Конференцияға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, зерттеушілер, тарихшылар, желтоқсан қаһармандары, студенттер қатысты. Желтоқсаншы, профессор Амантай Жетпісұлы «Желтоқсан оқиғасының жастарға тәрбиелік мәні» баяндамасын ұсынды.

Амантай Құдабаев, профессор

Әр ұлттың тарихында кейбір елеулі оқиғалар сол халықтың болашағына түбегейлі өзгеріс жасап, келешек тағдырын айқындап берді. Қазақтың басындағы сол оқиғалардың бірі желтоқсан көтерілісі. Осы тәуелсіздіктің 30 жылынла оның саяси мәнін төмендетіп, жай ғана оқиға деп санайтындар аз болған жоқ. Алайда ол шын мәніде көтеріліс еді. Сол туралы талай көркем шығармалар жазды.

Конференцияда кешегі тарих беттерінен ешқашан өшпейтін қазақ үшін қилы кезеңдер сөз етілді. Бұл күнге әр тұлға өз призмасынан баға беріп, қарауға тырысты.

Шара барысында желтоқсан оқиғасының қатысушыларына «Желтоқсан қаһармандары атты» медальдар табысталды. Сонымен қатар, ашық микрофон ұйымдастырылды. Жастар қатысушыларға сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Самал Қалиқызы