Келер жылы Павлодар қаласында балаларға арналған хоспис ашылады. Әлбетте бұл өңірде сырқаттанған балалар саны артып кетті дегенді білдірмейді. Бұл жазылмайтын ауруға шалдыққан балалар мен олардың ата анасына сәл де болса жәрдемдесу мақсатында қолға алынбақ. Тілшіміз жалғастырсын.
Ломов көшесінде орналасқан мына хоспис 83 орынға шақталған. Бұл корпус онкологиялық сырқаты бар науқастарға, ал Хромзауыт ауданында орналасқан мекемеде созылмалы аурулары бар емделушілерге көмек көрсетіледі.
Любовь Журавлева, емделуші
Мен осы хоспистің қызметкерлеріне рахмет айқым келеді. Тамақтары дәмді. Көмекті дер кезінде келіп көрсетеді. Бізбен сыпайы сөйлеседі. Маған көп көмек көрсетті. Алғыс айтамын.
Паллиативті көмек ересектермен қатар, балаларға да қажет. Себебі, қазіргі таңда Павлодар облысында 94 бала аталмыш жәрдемге мұқтаж. Осыған орай біздің өңірде балаларға арналған хоспис ашу қажеттілігі туындады. Өйткені, облыстық балалар ауруханасында бұл пациенттерге 2 орын ғана қарастырылған.
Елнұр Рахымжанов, Павлодар облыстық хосписі басшысының М.А.
2025 жылы бұрынғы Ломов көшесі 47/1 мекенжайындағы босану бөлімшесін хоспис балансына беру туралы құжатқа қол қойылды. Онда полиативті орындар ашылады. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Оған «Ертіс көмек» қоғамдық ұйымынан 42 млн теңге бөлінді. 2026 жылдың ортасында белгілі болады.
Сонымен, №1 қалалық аурухананың бұрынғы босану бөлімшесіне енді Хромзауытта орналасқан хоспис көшіп келеді. Ғимаратта балаларға паллиативті көмек көрсететін хоспис бөлімшесі де ашылады. Штат құрылып, өңір балалары мен ата-аналарына жәрдем беріледі.
Елнұр Рахымжанов, Павлодар облыстық хосписі басшысының М.А.
Біздің хоспис науқастардың үйлеріне шақырту арқылы барып, мобильді паллиативті көмек те көрсетеді. Бұл жәрдем қазір тек онкологиялық сырқаттарға ғана көрсетіледі. Яғни химия терапия, сәулелік терапия, операцияларды қажет ететін науқастарға бармайды. Көп жағдайда ауырсынуларды басатын дәрілер тағайындау, химия терапия кезінде жүрек айну болса пациентке көмек көрсетуге тырысамыз. Яғни белгілеріне байланысты көмек береміз.
Елімізде паллиативті көмекті қажет ететін балалар саны 9 мыңнан асады. Бұл жағдайда тәулік бойы балаға медициналық, анаға психологиялық көмек қажет. Осы ретте балалар хосписі ауыр сырқатқа шалдыққан балалар мен олардың ата-аналары үшін маңызды.
Самал Қалиқызы