Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында №41 жалпы білім беретін мектепте жастар форумы өтті. Ел ертеңіне бейжай қарамайтын жас буынды бір алаңға тоғыстырған тағылымды шараға 500-ден астам оқушы жиналды. Форум жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, жігер сыйлауды мақсат етті.
Денешынықтыру-сауықтыру бағытын ұстанған мектепте жыл бойғы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, үздік тәрбиеленушілерге құрмет көрсетілді. Ал жас спортшылар үшін нағыз шабыт көзіне айналған сәт өңірге танымал спорт шебері Кирилл Масленниковпен кездесу болды. Ол биік жетістіктерге бастар жолдағы табандылық, төзім мен жеңіс жайлы өз өмірінен сыр шертті.
Даниал Бәкен, №41 ЖОББ мектебі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жалпы мектебіміз 4 жыл ққатарынан жастар форумын өткізіп келеміз, бұл жерде танымал азаматтартардың таныстыру. Еліміздің белгілі азаматарының өмір бойы атқарған қызметін көрсету мақсатында өткізіп келеміз.
Форум барысында мектеп қабырғасында жұмыс істейтін тоғыз спорт федерациясының өкілдері құрмет шеңберінен өтіп, өз жетістіктерін таныстырды. Әсерлі көрсетілімдер көрермендердің рухын көтеріп, спортқа деген қызығушылығын арттырды.
Даниал Бәкен, №41 ЖОББ мектебі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Мектебімізде сондай-ақ, спорт шеберлері оқып келеді.Соларды қолдау үгін өткізіліп келеді. Бұл шара жалпы алғанда оқушыларымыздың патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып келеді.
Шара тек спортпен шектелмей, ұлттық құндылықтарды да дәріптеді. Форум аясында халықтық-қолданбалы өнерге арналған алаң ұйымдастырылып, онда ұстаздар мен оқушылардың қолынан шыққан көркем туындылар көпшілік назарына ұсынылды.
Дильназ Қуанышбекқызы