Қуат Әбусейітов атындағы мәдениет орталығында бүгін ерекше шара өтті. Екібастұз қаласынан келген ардагерлер ұйымының шығармашылық тобы павлодарлық көрермендерге өз өнерлерін көрсетті.

Ардагерлердің өнер көрсетуі қос қала арасындағы достық пен ілтипаттың белгісі. Шара барысында қариялардың еңбегіне құрмет көрсетіліп, дәстүрлі мәдени байланыстар жалғасты.

Қобланбек Кожин, Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы

Бүгін біздің қаламызға Екібастұз қаласынан ардагерлер кеңесі жаныңдағы шығармашылық топ келіп отыр. Мұндай қарым-қатынастық бұрыннан бері орнатыоған. Ағымдағы жылы сәуір айында павлодар қаласының ардагерлері барған болатын. Осы іс шара Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтың қолдауымен өтіп жатыр. Шараның мақсаты жылдар бойы еңбек өткен ардагерлерімізге бүгінгі күні зейнетке шыққаннан кейін жас буындар осылай құрметтеп, жағдайларын жасап, өздерінің өнерлерін тұрғындарымызға көрсетуіне жағдай жасадық. Концертті көрейік, Тамашалайық.

Топ тек облыс бойынша ғана емес, Ресей федерациясының шағын аудандарында да өз өнерлерін паш етуде. Ардагерлерге жағдай жасау — әкімдік тарапынан жыл сайын қолдау тауып отыратын игі бастама. Олардың сахналық костюмдері, дайындық алаңдары жаңартылып, шығармашылықпен айналысуға толық мүмкіндік беріледі.

Рашит Бектеміров, №7 шағын ауданының ардагерлер кеңесі төрағасы

Биылғы жылы аудан соғысының 80 жылдық жеңісіне орай дәсүрлі түрде Екібастұзға барғанбыз. Енді Екібастұз Павлодар қаласына келіп жатыр.Біз соларды қарсы алып жатырмыз. Бұл екі жағтағы дәстүр.Бізге осылай Ақсу қаласынан да және басқа аудандардан да келіп жатады. Жалпы бұл жастар мен қоғам үшін пайдалы нәрсе.

 Екі ұйым арасындағы осындай өзара сапарлар ұрпақ сабақтастығын нығайтып, қоғамдағы мәдени байланысты арттыра түседі.

Қайырманат Батталова, Павлодар ардагерлер кеңесінің мәдени спорт бойынша коммисияның төрағасы

Екі аптадай дайындық үстінде болдық, қобажыдық. Міне қазір қарсы алдық.Павлодар қаласында 8 ардагерлері ұйымы бар.Солардың барлығы жиналып келіп отыр. Біз ауа-райының бұзулуына байланысты әріптестеріміз келе алмай қала ма деп уайымдап етік. Барлығы жақсы бәрі келіп жатыр. Енді әріптестеріміздің концерті жоғары деңгейде өтеді деген ойдамыз, және сәттілік тілейміз.

Концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әр буынға үлгі боларлық бұл кездесу қатысушылардың көңілінен шығып, олар бір-біріне шығармашылық шабыт сыйлады. Қос қаланың мәдени байланысы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Дильназ Қуанышбекқызы