Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Успен ауданында болып бассеин құрылсының барысын тексерді. Сосын жақында ғана күрделі жөндеуден өткен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектепте болды. Артынша тұрғындармен кездесіп, сауалдарына жауап берді.

Аудан орталығында бассеин құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта дайындық 95 пайыз. Инженерлік желілер монтаждалып, жабдықтар орнатылуда. Келесі жылдың біріншгі тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Бұдан соң облыс әкімі биыл күрделі жөндеуден өткен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде болды. 203 млн теңгеге барлық инженерлік желілері жаңартылған. Ал, білім ордасын жабдықтау үшін 250 млн теңге бөлек бөлінген. Аймақ бысшысы жылумен жабдықтау барсында кеткен кемшіліктердің біріне ескерту жасады.

Сосын Асайын Байханов аудан тұрғындарымен кездесті. Азаматтарды алаңдатып отырған мәселерге құлақ қойып, суаллдарына жауап берді.

Бұдапн бөлек аудан тұрғындарын халық саны мәселесі алаңдатады. Жастардың көптеп келуі үшін өмір сапасын арттыру керектігін айтады.