Жылу маусымы басталса өрт қаупі күшейеді. Негізгі себеп жылы пешті дұрыс жақпау, қауіпсіздік ережелерін сақтамау.
Осыған байланысты Железин ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту шеңберінде бірлескен мүдделі мемлекеттік органдар қауіпсіздік шарасын өткізуде. Басты мақсат балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл жолы бөлім қызметкерлері Башмачное, Береговое және Кузьмино ауылдарына барып, тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу шаралары аясында аулаларды аралап, жиында өткізіп, тұрғындармен әңгімелесті.
Ахат Омаров, Железин ауданы ТЖБ бастығы
Железин аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындарға тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін, улы газден сақтану жолдарын жеткізіп тұрады. Әлеуметтік желі арқылы да, үй-үйді аралау арқылы да түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Азаматтарға улы газге қарсы датчиктерді орнатып, мұржаларды тазалауға кеңес берудеміз. Толық ақпарат министрліктің әлеуметтік желідегі парақшаларына орналастырылды.
Жылыту кезеңі басталғаннан бері 3000-ға жуық тұрғын үйдің тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде халықтың әлеуметтік осал санаттарына ерекше назар аударылады. Аудан бойынша есепте 47 үй бар, оларға қажетті қолдау көрсетіледі.