Павлодар қаласында бала асырап алуға ниетті ата-аналар арнайы курстан өтті. 3 ай оқуға қатысқан отбасыларға сертификаттар табысталды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Бұл облыс орталығында орналасқан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қорғау мекемесі. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған50 балғын бұл жерде басына пана тауып отыр. Олар осы жерде 18 жасқа дейін тұрады. Қазір елімізде жетім балалар саны азайған. Соңғы жылдары азаматтар асырап, қамқорлыққа алғысы келетін отбасылар көбейгені қуантады. Бірақ ата-аналар баланы патронатқа алмас бұрын отбасы мүшелері арнайы мектептің курсынан өтуге міндетті.

Көркем Сағиева, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қорғау өңірлік орталығы басшысының орынбасары

Бүгін біздің орталықта Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын эетім және ата-ана қомқорлығына айырылған балаларды өз отбасына қабылдағысы келетін азаматтарға арналған психологиялық дайындық курсын 3 жарым ай онлайн форматында оқып, азаматарға сертификаттар табысталады.

Курста қамқоршылар балалармен дұрыс қарым-қатынас құрып, олардың психологиясын түсінуге және отбасылық байланысты нығайтуға үйренеді. Наталия Кутышева жұбайымен бірге 3 ай онлайн курстан өтті. Балалы бола алмай жүрген жұп бала асырап алуға ниетті.

Наталия Кутышева, Ертіс ауданының тұрғыны

Мы 16 лет живем с мужем. Шаңырақ құрғанымызға 16 жыл болды. Балаларымыз жоқ. Ертіс ауданына курсқа қатысып, бүгін серитфикат алдық. Сабақ ойын үлгісінде өтті. Өте қызықты әрі танымдық болды. Курс барысында балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың қандай түрлері болатынын, сондай-ақ баланың психологиялық және эмоционалдық қажеттіліктерін тереңірек түсіндік. Осы оқудан кейін біз нақты шешімге келдік. Шамамен 3 жастағы қыз баланы қамқорлыққа алғымыз келеді.

20 үміткер оқу курсын сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болады. Бала асырап алуға ниетті азаматтардың жасы 21 жастан жоғары болуы тиіс. Бір айдан кейін келесі оқу тобы жинақталады. Оқу үдерісі жыл бойы үздіксіз жүргізіледі.

Әйгерім Тоқпанқызы