Павлодар облысында қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-профилактикалық шаралар ұйымдастырылады.15-31 желтоқсан аралығында өңір аумағында «Шырша» операциясы басталды. Сонымен қатар, «Пиротехника» шарасы да өтіп жатыр.

«Шырша» жедел-профилактикалық рейді заңсыз ағаш кесу мен қылқан жапырақты ағаштарды рұқсатсыз сату деректерінің алдын алуға бағытталған. Шара барысында полиция қызметкерлері мен экология басқармасының нспекторлары базар мен сауда орындарын тексерді. Мамандар шырша тек арнайы рұқсат берілген орындарда ғана сатылуы тиіс екенін ескертеді. Белгіленбеген аумақтарда шырша сату – заң бұзушылық болып саналады.

Дәурен Қабышев, Павлодар облысы полиция департаментінің экологиялық инспекторы

Шырша сату бұзушылық ол әкімшілік кодекстің 244 бабы бойынша қарастырылып жатыр. Ол жергілікті атқарушы органдарының сату жерлері беріледі. Мысалы кәсіп иелеріне. Бірақ, адамдар сату үшін басқа жерді алады, сатады. Бірақ, құқық бұзушылық болып саналып, жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ, облыс аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық шарасы да жалғасуда. Рейд барысында полиция қызметкерлері пиротехника бұйымдарын заңсыз сату деректерін анықтады. Тексеру кезінде рұқсат құжаттарының болмауы белгілі болды. Құқық бұзған тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз сатылған отшашулар тәркіленіп, тексеру үшін тиісті мекемеге жолданды.

Азамат Есеев, Павлодар облысы ПБ аға инспекторы

Полиция пиротехника бұйымдарын заңсыз сату, пайдалану әсіресе адамдар көп жиналатын ауыр зардаптарға әкелу мүкін екенін ескертіледі. Құқық қорғау органдары азаматтарды пиротехниканы тек қана мамандандырылған сауда орындарынан сатып алуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

«Шырша» және «Пиротехника» жедел-профилактикалық шаралары 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Құқық қорғау органдары азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қауіпсіздік ережелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сабина Жолдаспаева