«Заң және тәртіп» қағидаты аясында мектеп оқушылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Жарысқа өңірдің бірнеше білім ошағынан құралған 8 команда қатысты. Турнир барысында балалар өзара танысып, достық қарым-қатынас орнатты.
Жарысқа жиналған оқушылар үшін бұл спорттық кездесу бір-бірімен тәжірибе алмасу болды. Ойын алаңында әр команда өз қабілетін көрсете білді. Ұйымдастырушылар мұндай бастаманың балалардың тәртіп мәдениетін қалыптастыруға, өзара сыйластыққа тәрбиелеуге зор ықпал тигізетінін атап өтті.
Азамат Күркебаев, Павлодар облысы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының М.А.
Облыс прокуратурасы, қала прокуратурасы, облыстық пд, полиция басқармасы біріге осы мектепішілік арасында өскелең ұрпақты спорттық тәрбиеге баулу мақсатында, заңдылықты, тәртіпті, мәдениетті ұрпақ болып өсуіне себеп осындай шара, кішігірім футбол ұйымдастырылды. Кубогымыз «Заң мен тәртіп» де аталады. Команданың арасында жалпы бұл жерде бөліп айта кету керек, кішкене өзіміздің оқушылардың арасында да мінез құлқы бар, бұзақылау балалар да бар арасында қатысушылардың. Сол себепті оларды тура жолға қойып, мінезін дұрыстап, мықты өсіру біздің мақсатымыз.
Жарыс бойы балалардың ынтасы артып, өз күштеріне деген сенімі нығайғаны байқалды. Команда қатысушылары турнирге ерекше дайындықпен келген.
Мейіржас Жұмабаев, қатысушы
Міне біз балалармен футбол ойнауға келдік. Командамызда 10 кісі. Барлығы жақсы өтеді деп ойлаймын. Тренеріме рахмет, ең күшті тренер. Жақсы қатысамын, футбол маған ұнайды. Тренировкалар өтеді. 3 жылдай қатысып жүрмін, достижения бар.
Турнир соңында қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен мадақтама қағаздары табысталды.
Сабина Жолдаспаева