Павлодар қаласында жазушылар форумы өтті. Онда «ТМД елдерінің архивтеріндегі Қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» атты жоба аясында жарыққа шыққан кітаптар таныстырылды.
ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан жазушылар Одағы бірлесіп былтырдан бері ауқымды жобаларды бастады. Соның бірі ТМД елдерінің архивтеріндегі Қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы. Биыл Бұл жобаға 15 автор қатысып, көршілес елдердің мұрағатындағы Қазақ тарихы мен әдебиетіне қатысты деректерді жинады. Осылайша 15 кітап оқырманға жол тартты.
Нұрдәулет Ақыш, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Мен бәрін оқып шықтым. Менің риза болғаным аз ғана уақыттың ішіне сыйғызып қанша жұмыс жасаған. Көлемі де аз болған жоқ. Вордта 14 гегелмен 200 беттей. Сондықтан, үлгерген, кейде асығыс жағдай, кейде артықтау кетіп қалған, кейде жетіңкіремей қалған жағдайлар болса да әріптестерімнің баршасына рахмет айтқым келеді.
Су жаңа кітаптардың алғашқы таныстырылымы Павлодарда өтті. Еліміздің әр аймағынан және көршілес Ресей елінен келген қаламгер қауым кітаптың мазмұнымен танысып, құндылығын сөз етті.
Серік Елікбай, Қазақстан жазушылар одағының Павлодар облысындағы өкілі
Көңіл бөліп келгендеріңізге мың алғыс. Ақ боранға, көктайғаққа қарамай, алыста қалған ауылға қарамай жектен ақ тілек көңілдеріміңзге мың алыс. Осындай бас қосулар жиі болуға тиіс.
Қазақстандық зерттеушілер қысқа уақыттың ішінде Ташкент, Бішкек, Қазан, Уфа, Астрахань, Омбы, Баку, Тбилиси, Ереван, Минск қалаларында жұмыс істеген. ЖОбаға қатысқандардың бірі зерттеуші ғалым Қайырбек Кемеңгер Қазан қаласынан қазақ-татар әдеби байланысына қатысты құнды жәдігерлер тапқан.
Қайырбек Кемеңгер, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Ерекше бір қуанышпен айтатын жағдай бұрын-соңды жарияланбаған ұлт ұстазы Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 1927-жылғы суреті Қазан қаласынан осы жоба аясында әкелінді. Ахмет Байтұрсынұлы 1927- жылы Қазан қаласына іссапармен барған екен. Татар ғалымдарымен 22 ғалыммен бірге түскен сурет осы кітапта жарық көрді. Сондай-ақ, Мағжан Жұмабаевтың кейіпкері, Мағжанның махаббаты Гүлсім Камалова Актюринаның тағдырына қатысты материалдар таптық.
Форум аясында әдебиеттің бүгінгі тыныс-тіршілігі, болашағы және алда атқарылар жұмыстар жайлы сөз болды.