Тәуелсіздік күні жақындаған сайын, біз осы мерекенің құрдастары жайлы айтуды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз травматология саласында еңбек етіп жүрген дәрігер Еркебұлан Ибрахимұлы.
Тәуелсіздік құрдасы Еркебұлан Баязитов Баянауыл ауданының тумасы. Анасының ізін жалғап, медицина саласына келген. Қазірг пациенттерге өмір мен мүмкіндіктер сыйлап жүр.
Еркебұлан Баязитов, №1 қалалық аурухананың травматология бөлімшесінің дәрігері
Менің анам акушер болып еңбең етеді. Тәжірбиесі мол білікті маман. Оның пациенттерге деген қарым қатынасы, оның кәсібилігі менің дәрігер болуыма ықпал етті. Анам көп жылдар бойы Баянауылда істеп, қазір қаламыздағы теміржолшылар емханасында жұмыс істейді. Әкем ішкі істер саласының қызметкері болды, қазір зейнеткер. 2016 жылы Қарағанды медициналық университетін аяқтадым, содан бері осы аурухана еңбек етіп келемін.
Кейіпкеріміз №1 қалалық ауруханада ортопед травматолог дәрігер болып жұмыс істейді. Адамдардың түрлі себеп салдарынан алған жарақаттарынан кейін аяққа тұрып, ауруханадан өз аяғымен шығып кетуіне барымды саламын дейді.
Еркебұлан Баязитов, №1 қалалық аурухананың травматология бөлімшесінің дәрігері
Травматолог-ортопед дәрігері науқастарға шұғыл және жоспарлы көмек көрсетеді. Шұғыл дегеніміз сыну, жол көлік апаттарының салдары, жоғарыдан құлау жарақаттары. Ал, жоспарлы ортопедия буындардың деформациясы, сіңірлердің жарақаттануы. Травматологтар адамдарға шектелген қозғалысын қайта қалыпқа келтіреді. Біздің дұрыс көрсетілген көмек нәтижесінде емделуші өз аяғымен стационардан шықса, күш береді бұл.
Қанат Асылханов, №1 қалалық аурухананың травматология бөлімшесінің меңгерушісі
Еркебұлан Ибрагимұлы біздің бөлімге 2020 жылы келді. Осыған дейін ол үш жыл бойы осында резидент болды. Сол уақыттың өзінде өзін көрсете білді. Санаты бар, сауатты маман. Мінезі де тұйық, пациенттермен тіл табысуы жақсы.
Травматолог маманның ауысымы әдеттегідей таңғы жиыннан басталады. Онда кезекші дәрігерлер, медбикелер емделушілердің жағдайын баяндайды. Жоспарлы операциялар жүргізіледі.
Еркебұлан Баязитов, №1 қалалық аурухананың травматология бөлімшесінің дәрігері
В тавпункте ... Ауа райы бұзылған күні травматологиялық пункте күніне 80 адам келіп көрінеді. Оның ішінде 5-10 адамға дейін стационарға жатқызылады. Біздің ауруханада травматологиялық санаттағы бірнеше бөлімше бар, онда шұғыл травматологиялық, ортопедиялық және политравмалық, күйік шалу бойынша көмек ұсынылады.
Тәуелсіздік құрдасы тәуелсіздік мерекесіне ерекше құрметпен қарайды.
Еркебұлан Баязитов, №1 қалалық аурухананың травматология бөлімшесінің дәрігері
Өзім 1991 жылғымын. Тәуелсіздік құрдасымын. Бұл мереке мен үшін қымбат. Себебі тәуелсіздік алған күн болғандықтан, біз отбасымызбен бұған ерекше қараймыз, құрметтейміз. Мен біздің үйімізде әрқашан осы мерекнің символы сияқтымын.
Кейіпкеріміз елдің 34 жылда жетістігі – мол мүмкіндіктері деді. Еліміздің кез келген тұрғыны Еркебұлан Баязитов секілді өзі қалаған мамандықта оқып, өзі қалаған қызметті істей алады. Бұл Тәуелсіздіктің сыйлаған ең құнды мүмкіндігі.
Самал Қалиқызы