Шарбақты ауданының орталығында кілт жасау шеберханасы ашылды. Осыған дейін тұрғындар үйдің, көліктің кілтін жасату үшін қалаға барып тұратын болса, енді алысқа бармай-ақ шеберханада жасата алады. Дүкенді мемлекеттің көмегімен жергілікті тұрғын қолға алды.

Қаламхан Мұрындықұлы Қытай Халық Республикасынан елге былтыр көшіп келді. Қазір атажұртын сағына келген азаматқа мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалып отыр. Алдымен көшіп келгенде субсидия төленді, енді міне ісін ашарда да қолдау көрсетілді.

Қаламхан Мұрындықұлы, Шарбақты ауылының тұрғыны

Үкіметің көші-қон бағдарламасы бойынша 2024 жылы осы жаққа көшіп келгенмін қазақ еліне. Бұрын Қытай жақта ұсақ-түйек хаттар істейтінмін. Осында келгесін Жұмыспен қамту орны маған грант берді. Үкіметтің қамқорлығы. Сол қамқорлықтың арқасында электр саймандарды жөндеу, кілт соғу дүкенін аштым. Сонымен әзір сол дүкенмен шұғылданып жатырмын. Көмек беріп жатқан Үкіметке көп рахметімді айтамын. Қазағыма азын аулақ болса да пайдам тисін деп, осы жұмыспен шұғылданып жатырмын.

Шебер ауылдағы дүкендердің бірінде, міне мынадай шеберхана ашты. Онда мына жаңа сатып алынған станоктермен түрлі кілттерді жасайды. Түрлі маркалы көліктердің де кілттерді қаз қатар ілінген. Осылайша, ешкімше қол қусырып қарамай Қаламхан ағамыз кәсібін дөңгелетіп отыр.

Қаламхан Мұрындықұлы, Шарбақты ауылының тұрғыны

Біз енді жаңадан ашқаннан кейін көп адамдар келген жоқ. Біраз ғана болды ашқаныма. Кейбірі үйдің кілті, кейбіреуі машинаның кілтін жасатты соны жасап бердім. Үйдің кілті, көліктің кілті, сосын электрсаймандарын ішіндегі ашып көріп ішіндегі бұзылған жерлері болса, ауыстырып, соларды жөндеймін. Грантты 1 млн 500 мың берді. Соған маймандарды сатып алдық, біраз жетпей қалды. Жетпесе де үстінен өзіміздің ақша қосып, құрдық.

Биыл жұмысшы мамандықтар жылы аясында осы салада жүрген азаматтарға көңіл көп бөлініп келеді. Әсіресе электроника саласының мамандарына тапшылық бары сөзсіз. Осы ретте елге жұмысшы мамандардың келіп, кәсіп ашуы қуантады.

Қаламхан Мұрындықұлы, Шарбақты ауылының тұрғыны

Мұқият деген балам бар менің, ол меннен бір жыл бұрын келген. Соннан кейін біз де көшіп келдік. Ұлым бар осы жақсы, немелерім бар осы жақта. Сонымен жүріп жатырмыз.

Биыл Шарбақты ауданына 20 отбасы, 96 адам көшіп келген. Оның ішінде 8 отбасы 34 адам қандастар, 12 отбасы 62 адам ішкі қоныс аударушылар.

Самал Қалиқызы