Шарбақты ауданы Галкино ауылында отбасылар арасында эстефета өткізілді. Жанұялар 4 кезеңнен өтті. Әр ауылдық округтен командалар қатысып, бала шағасымен керемет көңілді спорт шарасына атсалысты. Нәтижесінде қай команда үздік атанды? Тілшіміз айтсын.
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шарбақты ауданында «Отбасы бақыт мекені» атты спорт эстафетасы ұйымдастырылды. Ауданның ауылдық округтерінен 7 команда бас қосып, бақтарын сынады. Жарысты Шарбақты аудандық әкімдігі, прокуратура және Полиция департаменті бірлесіп қолға алды.
Рүстем Есенов, Шарбақты аудандық прокуроры
Заң мен тәртіпті сақтау бұл ең алдымен отбасыдан басталады. Сол себептен аудандық әкімшілікпен бірігіп отырып, аудан арасында әрбір ауылдық округтердің отбасыларын жинап, жарыс өткізіп отырмыз. Бүгінгі жарыс біздің балаларымзға үлгі мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жарыс басталмас бұрын ауылдық округ әкімі сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Марат Асаинов, Галкино ауылдық округінің әкімі
Ауданаралық эсфетаға қош келдіңіздер. Бұл акцияның басты мақсаты салауатты өмір салтын жүргізу, жастарды тәртіп пен тәрбиеге баулу болып табылады. Жеңіс тілеймін, сәттілік тілеймін.
Жарыс талаптары бойынша командалар 4 кезеңнен өтеді. Алдымен, допты лақтырып кедергілерден өтуі керек. Командаларда үш адамнан болды. Бұл әкесі, анасы және баласы. Эстафета рух, ептілік, топта жұмыс істеу сынды қасиеттерді қалыптастырады.
Азамат Қабдрашит, Шарбақты аудандық мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы
Отбасылық спорттық эстафета, аудандық деңгейде өткізіп отырмыз. Оның алдында 7 округ бойынша іріктелген отбасылар, сол аудандық сайысқа қатысып отыр. Жалпы спорттық шара «Заң және тәртіп» аясында өткізіліп отыр. Мемлекетіміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «заң мен тәртіп» иедологиясын жүзеге асыру мақсатында отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында осындай эстафетаны ұйымдастырып отырмыз. Жалпы төрт түрл эстафета қарастырып отырмыз. Доппен кедергілерден өту, қапты нысанаға тигізу сынды эстафекталар болады. Егер төрешілер қосымша қажет десе онда қосымша ойындар болады.
Отбасы баланың тұлға болып қалыптасуының негізгі тірегі. Сондықтан ата-анасымен бірлесіп, жарысқа қатысу, жеңіліс пен жеңісті бірге кешуі ерекше естен кетпейтін сезімдерді сыйлайды. Қазіргі күнкөріс деп арпалысқан заманда осындай отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған шаралар маңызды дейді қатысушылар.
Жәнібек Хамамардан, қатысушы
Осы галкино ауылының тұрғынымыз. Заң және тәртіп аясында өтіп жатқан шараға өте қуаныштымыз, қатысып жатырмыз. Мында командаларға тілейтінім сәттілік, осындай шаралар жылда болып тұрса деген ойдамыз. Бұл енді отбасын нығайта түседі, екнішден өсіп келе жатқан балаларымызға жақсы өнеге тәрбие деп ойлаймын. Спорттық шаралар бола берсін.
Жарысқа Шарбақты ауданының әр ауылдық округіне командалар жиналды. Олар доппен, арқанмен, секірді, яғни кедергілерден жұмыла өтті.
Алексей Мелкомуков, қатысушы
Біз Александровка ауылдық округінен келіп отырмыз. Осы жарыстарға қатысқанымызға қуаныштымыз. Әрине салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған осындай шаралардың көп өткенін қалаймыз. Әрине келесі жолы көбірек отбасылар, командалардың қатысқаны жақсы болар еді. Бәріне сәттілік.
Сонымен эстафета нәтижесі бойынша, бірінші орын Галкино ауылдық округінің командасына бұйырып, велосипед сыйға тартылды. Екінші орын Александровка ауылына беріліп, үздік үштікті Сосновка ауылдық округінен команда түйіндеді.
Самал Қалиқызы