Павлодар қаласының 5512 әскери бөлімінде бір жыл бойы қызмет еткен 135 сарбазды шығарып салу рәсімі өтті. Олар қала аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, әскери борышын адал орындады. Ал, 12 сарбаз жоғары оқу орындарына мемлекеттік грант иеленді. Сарбаздарға құрмет көрсетіліп, мадақтама қағаздары табысталды.
Сарбаздар ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосты. Қала көшелерінде қызмет атқарып, жауапты міндеттерді абыроймен орындады. Әскери қызмет барысында олар тәртіпке, төзімділікке және жауапкершілікке үйренді.
Нұрдаулет Кенжесейіт, №5512 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальон командирі
Бұл әскери қызметшілер бір жыл көлемінде өздерінің білімдерін шыңдап, қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік атқарды. Жоғары деңгейде, адал еңбекпен атқарды. Марапаттың түрі 5512 әскери бөлім командирінің атынан, шығыс өңірлік қолбасшысының атынан, құқық қорғау органдарының басшыларының марапаттары болып табылады.
Осы шақырылымдағы 12 сарбаз жоғары оқу орындарына мемлекеттік грант жеңіп алды. Шара аясында сарбаздарға алғыс білдіріліп, арнайы сертификаттар табысталды. Әскер қатарында қызмет еткен азаматтар Астана, Өскемен, Қостанай, Қарағанды және Семей қалаларынан келген.
Санжар Әбдіманап, №5512 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі
Бір жыл бойы осы 5512 әскери бөлімінде жедел қызмет атқардым. Бұл қызмет барысында үлкен тәжірибе жинадым, үлкен білім алдым. Бұл жыл өте қызық, тез өтті. Менің берер ақылым жастарға әскерге келу әр жігіттің міндеті болып саналады. Әр сарбаз үшін ұлттық ұланның жауынгері болу құрмет. Грант алдым. Астана қаласына түстім.
Шарада Отан алдындағы борышын адал атқарған сарбаздардың еңбегі бағаланды. Әскери қызметтің маңызы аталып, жас азаматтарға рухани қолдау көрсетілді. Сарбаздар енді алған тәжірибелерін азаматтық өмірде ел игілігіне жаратады.
Сабина Жолдаспаева