Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тамақтан уланудан қалай сақтанамыз? Тұрғындар азық-түлік сатып алған кезде нені ескеру керек? Бүгін бұл жайында орталық коммуникациялар алаңындар мамандар түсіндірді. Тілші әңгімесінде.

Санитарлық дәрігерлер мерекелік дастархан жаяр алдында қолданылатын азық-түліктердің сапасына мән беруіне кеңес береді. Бұған қоса жарамдылық мерзімі мен қаптаманың сапасына қараңыз. Тексерілмеген базарларда сауда жасаудан аулақ болуды ескертеді.

Гүлнәр Ақылбекова, Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Мерекелік шаралар кезінде дайын тағамдар соның ішінде майонез, қаймақ қосылған көп компонентті салаттар кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, тартылған ет тағамдары. Желе, сондай-ақ жеткілік жуылған көкністер, жемістер мен жидектер ең үлкен эпидемиологиялық қауіп болып табылады.

 Азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау ережері ескерілу керек. Әсіресе сүт және ет өнімдері үшін, шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз.Гигенаны да ұмытпаған жөн. Тамақ дайындау кезінде қолыңызды жуып, санитарлық нормаларды сақтаған жөн.

Гүлнәр Ақылбекова, Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Азық-түлік өнімдерін жарамдылық мерзімімен сақтау шарттарын ескере отырып белгіленген сауда орындарында ғана сатып алу. Үйде жасалған өнмідерді сатып алмаңыз.

Еске сала кетейік биыл жазда осы ережелерді сақтамағаннан кафеде тойланған тойда 67 адам уланып, ауруханада жатып шықты. Зардап шеккен адамдарда талдау барысында сальманелла және стафилакок анықталды. Ал дәмхананың құрал жабдығы мен дайындалған тамағынан бактериалды ішек таяқшалары табылды. Қылмыстық іс қозғалып, дәмхана қожайыны айыппұл арқалады. «Ас – адамның арқауы» Тамақтан уланбау үшін қарапайым ережелерді сақтау маңызды.

Әйгерім Тоқпанқызы