Павлодар қаласында есірткіге қарсы акция өтті. Прокуртура және полиция өкілдері, сондай-ақ, студенттер қала көшелеріндегі есірткі жарнамалауға бағытталған граффитилерді бірлесіп өшіру үшін жиналды.
Есірткіні жарнамалайтын жолдар мен тәсілдер көп. Соның бірі үйлердің қабырғалары мен дуалдарға салынған граффитилер. Онда есірткіге қол жеткізудің жолдары көрсетіледі. Ал, есірткі әруақытта қоғам үшін қауіпті. Осыны түсінген студенттер акцияға ат салысуға келді.
Акция «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өтуде. Ел бойынша ұйымдастырылып, қауіпті дертке қарсы күш біріктірілуде.
Есірткіге қарсы күрес еш тоқтамайды. 100 ден астам сайт бұғатталып, көптеген жарнамалар жойылған. Биыл Павлодар қаалсы бойынша есірткі қылмысына қатысты 200 ден астам қылмыстық іс тіркеліпті.