Павлодар облысы архив қызметіне 100 жыл толды. Талай тарихи құжатты, жазбаны сақтап отырған мекеменің қызметі маңызды. Қаптаған қағаз арасында көз майын тамызған жандар қаншама. Сол жандардың құрметіне салтанатты шара ұйымдастырылды.
1925 жылы уездік жұмысшылар, шаруалар және қызыл Армия депутаттары кеңестерінің атқару комитетінің қаулысымен Павлодар исполкомының штатына архивші лауазымы енгізілді. Оған дейін екі жыл бойы уездік, қалалық, болыстық мекемелердің архивтік құжаттары Семей губерниялық архив бюросына сақтауға беріліп отырыпты. Міне сол кезеңнен 100 жыл өтті. Өңір архивінің құрылған күні кең ауқымды атап өтілді.
Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Архив жұмысын таңдар өз ісін және туған өлкесін сүйетіндердің қолынан келеді. Мемлекет тарихын тұтас күйінде сақтау жолындағы мәртебелі қызметі. Өткен ғасырда миллиондаған құжаттық сақтап, жүйелеген. 1,5 млн құжат сақтаулы.
Салтанатты шарада архив саласына өмірін арнаған абзал жандар марапатқа ие болды. Олардың қатарында біздің арнада «Бір құжаттың тарихы» жобасын жүргізетін Күләш Оразымбетқызы «Облыс алдындағы сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Күләш Есімханова, Павлодар облысы мемлекеттік архивінің архивисі
Екінші жыл болды Ертіс телеарнасымен «Бір құжаттың тарихы деген жобаны бастадық. Неше түрлі тақырыптарды шығардық. Сол жоба жалғасады деп сенеміз. Себебі архивте неше түрлі құжаттар сақталады. Маңызы зор.
Павлодар облысының архив қызметінің 100 жылдығына орай «Тарихты істейтін халық, сақтайтын архив» атауымен көрме ұйымдастырылды. Онда өңір үшін маңызды құжаттар, фотосуреттер, кітаптар қойылды. Одан бөлек, облыстың мемлекеттік архиві биыл күрделі жөнделді.
Бақыт Смақов, Павлодар облысы мемлекеттік архивінің басшысы
Біздің Павлодар облысының мемлекеттік архивінде күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді. Күрделі терезелер, кафель бәрі ауысжөндеу жұмыстары сырты қапталды. Өрт сөндіру жүйесі орнатылды. Ол газбен істейді. Тағы да басқа жұмыстар атқарылды.
Павлодар облысының архивтерінде 1 млн 375 мыңға жуық құжат сақтаулы. Бұл құжаттар 1766 жылдан 2019 жылдар аралығын қамтиды. Архив қағаз құжаттардан бөлек, фотосуреттер, аудиожазбалар, кино, видео құжаттарды да жинайды.
Самал Қалиқызы