Шарбақты ауданында медициналық мамандар тапшылығы мәселесі жылдан жылға шешімін тауып келеді. Жас дәрігерлердің елдімекендерге барып, еңбек етуі үшін жергілікті әкімдік пен аурухана ұжымы барын салуда. Тілші сюжетінде.

Альфия Шихова Шарбақты аудандық ауруханасы ұжымына былтыр қосылды. Қазір Хмельницкий дәрігерлік амбулаториясында жұмыс істейді.

Альфия Шихова, жалпы тәжірибелік дәрігер

Мен Жамбыл облысынан келдім. Семей мемлекеттік медициналық университетінде 5 жыл оқып, 2 жыл Павлодарда интернатурада оқыдым. Еңбек жолымды Павлодар қаласындағы №3 емханада бастадым, кейін хосписте жұмыс жасадым. 2024 жылы осында шарбақты ауданына келдім. Мені Хмельницкий ауылындағы дәрігерлік-амбулаториясына жіберді.

Жалпы Хмельницкий дәрігерлік амбулаториясына қарасты Жылы бұлақ, Маралды және Хмельницкий ауылы тұрғындары жүгінеді. Дәрігердің сөзінше ауданда жас мамандар үшін барлық жағдай жасалған.

Альфия Шихова, жалпы тәжірибелік дәрігер

Мында дәрігерлерге көмек көрсетіледі. Маған баспана берді, жалдамалы пәтерде тұрамын. Оған қоса 1 пайызбен үй де алуға болады. Көтермеақылар да берілді. Біз дәрігерлік амбулаторияда істегендіктен жұмысымыз кең спектрлі. Үйлерді аралаймыз, қабылдау жүргіземіз. Бірінші көмекті мен беремін, кейін бейіндік дәрігерге жіберемін. Амбулатория бойынша айтсам, скрининг кабинеттері, акушерлік кабинеттер бәрі бар.

Ауыл тұрғындарының қалалықтардан кем өмір сүрмеуі үшін барлық жағдай жасалуда. Халықтың саулығы үшін дәрігерлерді ауылға тарту сұрағы осы мақсатта шешімін тауып келеді.

Самал Қалиқызы