Май ауданында төтенше жағдайдар департаментінің мамандары полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп «Қауіпсіз жаңа жыл» және «пиротехника» алдын алу шарасын өткізді. Оған «Армандастар» жастар ұйымының белсенділері де ат салысты.
Алдына қойылған міндеттер айқындалғаннан кейін жауапты мекеме қызметкерлері алдымен сауда орындарын аралады. Пиротехникалық бұйымдардың сатылуы тексерілді. Тексеру барысында аудан орталығында отшашу сатылмайтыны анықталды. Алайда мамандар пиротехникалық заттардың адам өміріне қауіп төндіретінін түсіндірді. Бұдан кейін тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт – тілсіз жау. Мамандар тез тұтанатын, жанғыш заттарға мұқият болып, сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес берді.