Шарбақтылық қолөнершінің өнімдері шетелге сатылып жатыр. Жергілікті кәсіпкер мұнымен тоқтамай, өзі секілді қыздарды оқытуды да жоспарлап отыр.
Ардақ Қатай Қазақстанға осыдан 6 жыл бұрын Қытайдан көшіп келген. Біраз жыл Алматы облысында тұрып, 2023 жылы Шарбақты ауданына қоныс аударды. Қазір мемлекеттің көмегіне ие болып, кәсіпкерлікпен айналысып отыр.
Ардақ Қатай, Шарбақты ауданының тұрғыны
Қытайда болғанда кіші кезімнен қолөнерге, кәсіпке қызығатынмын. Бірінші әжем үйреткен. Одан кейін Алматыға көшіп келгеннен кейін , өзім ютубтан көріп, сол кісіден сабақ алып , сатып алып, осы жерде дамытып, үкімттен грантты ұтып алдым. Одан кейін түрлі жарыстарға бардым, онда орын алдым. Осы жерде жұмыспен қамту бөлімі өте қолдады.
Қазіргі таңда Ардақ Қатай тоқыма бұйымдарының түрін кеңейтіп жатыр. Аяқ киім, сөмке, көрпелер тоқиды. Оларды заман талабына сай етіп тігеді. Моншақпен безендірілген сөмкелері тіпті Америкаға сатылып, біраз қыздардың көңілінен шығыпты.
Ардақ Қатай, Шарбақты ауданының тұрғыны
Енді қазіргі таңда ой арманым, маған көп аналар, мұғалімдер жазады. Бізге үйретіңізші дейді. Мектептегі оқушыларды үйретуді жоспарлап отырмын. Қазір енді күн суық болғандықтан, әзірге қойдым. Енді мында ДК жөнделгеннен кейін маған, бөлме беріліп сонда жұмыс істеуді жоспарлап , жұмыс жасауға бекіп отырмын.
Еңбек еткен адамның алдында есіктер ашылып, мүмкіндіктер көбейеді. Сондай мүмкіндіктерге ие болып отырған жандардың бірі - Ардақ Қатай. Алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, жерлестерін оқытпақшы.
Самал Қалиқызы