Бүгінгі студенттер – ертең ауыл шаруашылығы саласының мықты мамандары. Шарбақты аудандық аграрлы техникалық колледжінде тамақтануды ұйымдастыру, есеп пен аудит, электргаздәнекерлеуші мамандарын даярлайды. Оларды жұмыспен қамту жағы қалай? Тілшіміз тарқатсын.

Шарбақты аудандық аграрлы-техникалық колледжі 1957 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақытта білім ошағынан 10 мыңға жуық адам оқып шықты. Аты айтып тұрғандай колледж ауыл шаруашылығы, техникалық мамандарын даярлайды.

Дінмұхаммед Әбдіғалық, студент

Механизатор бұл трактор, арнайы техниканы, комбайнды жүргізетін, жөндейтін маман. Маған бұл мамандық ұнайды. Себебі мен бала күнімнен ауыр, арнайы техникада жүруді, оны жөндеуді армандайтынмын. Одан бөлек, ауыл шаруашылығына өз пайдамды тигіземін. Практикада көліктерді жөндейміз, яғни қызметте қажетті дүниелерді тәжірибеде үйренеміз.

Қазір колледже 155 студент білім алып отыр. Олар механизация, тамақтануды ұйымдастыру, есеп және аудит, электргаз дәнекерлеуші мамандықтары бойынша білім алады. Колледж әлеуметтік серіктестерімен жұмыс істейді. Соның аясында студенттер тәжірибеден өтеді, жұмыспен қамтылады.

Иван Воронов, Шарбақты аудандық аграрлы-техникалық колледжінің шебері

Студенттерді екі тамақтануды ұйымдастыру, кондитер безендіруші, аспаз мамандықтары бойынша сабақ беремін. Оқыту дуалды формада. Әлеуметтік серіктестермен келісімшартқа отырамыз. Сол арқылы студенттер практикадан өтеді. Тәжірибе алады, сол кәсіпорындарда жұмыс істеуге қалуды мақсат етеді. 10-ға жуық кәсіпорынмен жұмыс істейміз.

Колледж басшысының сөзінше, білім ордасын әдетте студенттердің 99 пайызы аяқтап, қолына дипломын алып жатады. Бұған колледждің техникалық базасы да мүмкіндік береді.

Дмитрий Роев, Шарбақты аудандық аграрлы-техникалық колледжі басшысының М. А.

Материалдық базаның жағдайы жақсы. Биыл біразын жаңарттық. Соның аясында технолог, техник-механик мамандықтары ашылды. Жаңа оқыту бағдарламасын құрастырдық. Соған базаны сәйкестендірдік. Мысалы біз, «Победа» ЖШС-не мақсатты мамандарды дайындаймыз. Мысалы қазір осы «Победа»-да жұмысқа орналасатын 19 адам жұмыс істеп жатыр.

«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында биыл білім ордасында біраз маңызды жобалар да қолға алынды.

Самал Қалиқызы