Павлодар облысы – елдегі ең ірі өнеркәсіптік өңірлердің бірі. Мұнда энергетика, металлургия, мұнай өңдеу және тау-кен өндірісі қарқынды дамыған. Соған қарамастан, соңғы жылдары өңірде атмосфералық ауаға таралатын зиянды қалдықтар біртіндеп төмендеп келеді.

Соңғы төрт жылда нақты шығарындылар көлемі азайған. Мәселен, 2021 жылы атмосфераға 730 мың тоннадан астам зиянды зат шығарылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 697 мың тоннаға дейін төмендеді. Ал 2025 жылдың 9 айында нақты шығарындылар 477 мың тоннаны құрап, былтырмен салыстырғанда 5,9 пайызға азайған.

Әсет Сыздықов, Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау сұрақтары біздің облысымызға өте маңызды. Бұл салада экология департаменті облыс кәсіпорындарының өндірістік экологиялық бақылау және экологиялық реттеу қызметтерін жүзеге асырады. Павлодар облысы Республикамыздағы технгенді жүктемесі жоғары және өнеркәсібі дамыған негізгі өңірлердің бірі болып табылады. Өңір аумағында энергия қара және түсті металлургия тау-кен өндіру, мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі сияқты экономиканың ірі салаларының шаруашылық қызметтерінің жүзеге асырылды. Атмосфералық ауаның ластаушы заттардың жалпы шығындылар облыстың 3 қаласында орналасқан өнеркәсіптік кәсіп орындар есебінен қалыптасады. Нақты шығарындылар шамамен Екібастұзда 45%, Ақсу қаласына 26%, Павлодар қаласына 24% тиесілі. Қалған аудандарына 5 пайызы жуығы келеді.

Мамандар бұл оң өзгерісті бірқатар ірі кәсіпорындарда жүргізілген жаңғырту жұмыстарымен байланыстырады. Алюминий зауытында жаңа сүзгілер орнатылып, мұнай-химия зауытының алауында жағылатын газ көлемі қысқарды. Сонымен қатар, жылу электр станцияларында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көмір мен отын шығыны азайған.

Әсет Сыздықов, Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары

2025 жылғы шығарындылардың жалпы лимиті 901 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде Павлодар қаласы бойынша 225 мың тонна, Екібастұз қаласы бойынша 386 мың тонна, Ақсуқаласы бойынша 278 мың тоннаны құрайды. 2024 жылы шығарындылардың лимиті 926 мың тоннаны құрады. Лимитінің 24,6 мың тоннаға төмендеуі соңғы 3 жылдағы деректердің лимиттерімен байланысты.

Ауа сапасы тұрақты бақылауда. Облыс аумағында «Қазгидромет» бекеттері мен автоматтандырылған мониторинг жүйелері жұмыс істейді. Биыл өткізілген тексерулер мен өлшеулер нәтижесінде ластану жағдайлары тіркелген жоқ.

Сабина Жолдаспаева