Сонымен қатар, алдағы демалыс күндері облыстық маңыздағы республикалық жолдарда «ҚазАвтожол» филиалының 80 бірлік техникасы мен 100-ден астам адам кезекшілік етеді. Қазавтожолдықтар бұл күндері алыс жолға шықпауды сұрады.
Алексей Логвиненко, «Қазавтожол» АҚ ПОФ басшысының орынбасары
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары «ҚазАвтожол» Акционерлік қоғамы Павлодар облыстық филиалы сіздерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтайды. Сондай-ақ алдағы күндері ауа-райының бұзылатынын хабарлайды. Соған орай, қауіпсіз әрі үзіліссіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында облыстық республикалық жолдарында мамандандырылған 80 бірлік жол техникасы, 110 адам жұмыс істейді. Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін, барынша абай болып, жол жүру ережелерін сақтауға шақырамыз. Мүмкіндік болса алыс сапарларға шықпауларыңызды сұраймыз.
Самал Қалиқызы