Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл күндері түрлі шаралар мен кездесулер саны артады. Осыған байланысты тәртіп сақшылар тәулік бойы қызмет атқарады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында халық көп жиналатын аумақтарда патрульдеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар жол жүрісі қағидаларын сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.
Айбек Рақышев, Павлодар облысы ПД жергілікті полиция басқармасының аға инспекторы
Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары, жаңа жыл мерекелері қарсаңында полиция күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Осы күндері бұқаралық шаралар, корпоративтік жиындар, туған-туыстар мен жостар арасында кездесулер саны артады. Құқық бұзушылықтың алдын аплу мақсатында қоғамдық орындарда, ойын-сауық орталықтарында, саябақтарда патрульдей күшейтілді.
Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын орындауға және мерекелік күндері қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.
Сабина Жолдаспаева