«Қазагроқаржы» акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалына биыл рекордтық көлемде инвестиция құйылды. Жалпы сомасы 28,8 млрд теңгеге 850 техника берілді. Оның 80 пайызы - отандық.

Қазагроқаржы акционерлік қоғамы - Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің бизнесін техникалық және технологиялық жаңғыртумен айналысады.

Байсал Алпысбай, «Қазагроқаржы» ПОФ директоры

Біз қаржы лизингімен айналысамыз. Қаржы лизингіне кепіл керек жоқ. Кепілсіз қойылады. Қосымша кепідік керек жоқ. Алдымен аванс керек. Ыңғайлы болып отыр шаруа қожалықтарына.

Айта кетейік, отандық техникаға жеңілдетілген лизинг 5 пайызбен беріледі. 2025 жылы берілген техниканың 80 пайызы - отандық. Ал, қалған 20 пайызы импорттық техника, олар 12,6 пайызбен беріледі. Облыстық филиалдың несиесі биыл 76 млрд теңгеге жетіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға өскен.

Байсал Алпысбай, «Қазагроқаржы» ПОФ директоры

Биыл рекордтық сома Павлодар облысына инвестиция құйылды. Ол 28,8 мл рд теңгені құрайды. Бұл 40 пайызға артық. Жоспарды орындап отырмыз. 850 техника беріліп отыр. Ол да өткен жылмен салыстырғанда артығымен беріліп отыр. 300 дана тракторлар және 100 комбаин беріліп отыр. 22 дана суару машинасы беріліп отыр.

Сонымен қатар, биыл өтініштер жасанды интеллекттің көмегімен онлайн форматта қабылданды. Яғни шаруалар қалаға келмей-ақ, қажетті қызметті ала алады.

Самал Қалиқызы