Облыстық перинаталдық орталықтың қызметі кеңеюде. Алыс елдімекенде тұратын жүкті әйелдерге арналған пансионат ашылып, әйелдер кеңесі бөлімі жұмысын бастады. Онда 20 дан астам кабинет қызмет етеді.

«Салауатты ана» пансионатының ашылуына денсаулық сақтау басқармасының, аудандық ауруханалардың басшылары мен дәрігерлер келіп, лента қию рәсімін өткізді.

Ермек Кучуков, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы

 «Салауаты ана» пансионаты болашақ аналарға жақсы жағдай жасайтын орын болады деп үміттенемін. Облыстың аналар мен балаларға айрықша мүмкіндік жасайтын маңызды орталық болатындығына сенем. Осында қызмет атқаратын мамандарға сәттілік тілеймін!

Пансионат босанар алдында үздіксіз бақылауды қажет ететін әйелдерге арналған. Сондай-ақ, шалғай аймақтан келетін аналардың тұру орнын да қамтамасыз етеді. Қауіпті ауруы бар әйелдерге де үздіксіз медициналық қызмет көрсетеді.

Гүлнар Боратаева, Павлодар облысы перинаталдық орталығының басшысы

Соңғы үш жылда ана өлімі болған жоқ. Бұл облыстың барлық медициналық мекемелеренің үлкен жұмысының нәтижесі. Биыл денсаулығы нашар әйелдердің саны да азайған. Былтыр айрықша бақылауды қажет етеін 12 әйел болса, биыл 7 әйел болды. Бұл да жүйелі жұмыстың нәтижесі. Алыс ауылдарда тұратын денсаулығында кінарат бар жүкті әйелдерге арнап осы пансионатты ашып отырмыз. Әзірше бұнда екі төсек бар. Жылына елу әйелді қамтимыз деп жоспарлап отырмыз. Қажет жағдайда тағы да кеңейтеміз.

Ал, әйелдер кеңесі бөлімінде 23 кабинет әр түрлі бақылау шараларын жүргізеді. Жүкіті әйелдерге кеңес беріп, алдын-алу шараларды атқарады. Мәселен, ұрық бақылау орталығында көптеген ультрадыбыстық, биохимиялық скрининтер жүргізіледі. Жалпы бөлімде репродуктолог, эндекринолог, уролог сияқты мамандар жұмыс істейді. Келесі жылдан бастап осы бқлім емханалармен бірлесіп тәуекелі жоғары әйеледрді толықтай өз бақылаударына ладуы жоспарлап отыр.