Павлодарда келер, 2026-жылдың сәуір айынын бастап қоқыстарды қайта өңдеу кәсіпорны іске қосылады. Қазір кәсіпорын құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі Асайын Байханов құрылыс басына арнайы барып, жобаның маңыздылыған тоқталды.

Бұл облыс үшін маңызды экологиялық жоба. Күллі әлем қазір қоқыстан арылудың, қайта өңдеудің, қалдықтардың зардабынан құтылудың жолдарын іздеп әуреге түсіп жатыр.

Мердігер өкілінің сөзінше, қоқыстың алғашқы партиясы наурыз айында қайта өңдеуге қабылданады, ал сәуірде кешен толық қуатында жұмыс істей бастайды.

Жобаның жалпы құны 5 млрд теңгеден асады. Зауыт іске қосылғаннан кейін жаңа жұмыс орындары ашылады.