Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тұрғындар өз аулаларын безендіруде дәстүрге айналдырған. Биыл да жалғасын тапты. Бірі үйін безендірсе, енді бірі ауланы ертегі әлеміндей түрлендіріп, нағыз жаңа жылдық атмосфера орнатты.

Целинная 91 көшесінің тұрғындары биыл Жаңа жылды ерекше көңіл күймен қарсы алуға бел буған. Олар тек пәтер ішін ғана емес, аула мен подъездерді де түрлі түсті шамдармен, ойыншықтармен және гирляндалармен сәндеген. Ауланың дәл ортасына орнатылған шырша көздің жауын алып, балалар мен үлкендерге бірдей қуаныш сыйлауда. Кеш түсе шамдар жанып, аула нағыз мерекелік алаңға айналады.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай бастама ауладағы қарым-қатынасты нығайтып, көршілерді жақындастыра түскен. Осындай қарапайым, бірақ шынайы қадамдар Жаңа жылдың жылулығын одан әрі арттыра түседі.

Дильназ Қуанышбекқызы