Павлодар қалалық мәслихатында осы жылдың ең соңғы сессия отырысы өтті. Онда 2026-2030 жылдарға арналған қаланың даму жоспары бекітілді. Жоспарда шаһарда 5 жылда жүзеге асатын жобалар таныстырылды. Олардың бірқатары жеке инвестициялар арқылы жүзеге аспақ.
2030 жылға қарай Павлодардың әрбір екінші тұрғыны спортпен тұрақты айналысатын болады. Алдағы жылдарға арналған облыс орталығын дамытудың тиісті жоспарын қалалық мәслихат бекітті. Белсенді өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттырумен қатар, алдағы бес жылда қала билігі басқа да негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуге ниетті. Жалпы, даму жоспары үш негізгі бағыт бойынша топтастырылған 17 нысаналы индикаторды қамтиды.
Қанат Қапуов, Павлодар қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
Жалпы даму жоспары 3 бағыт бойынша 17 индикатордан тұрады. Дамудың жаңа нүктелері – 2 индикатор, Өмір сапасын арттыру – 13 индикатор, Экономика мен қоғамның қайта дамуы – 2 индикаторды құрайды. Сонымен, бірінші бағыт бойынша 2 индикатор жоспарланған. Бұл ішкі туристердің саны, сыртқа шығатын туристер саны. 2-ші бағыт бойынша жұмыссыздық деңгейі, азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, оның ішінде ауыл халқын әлеуметтік көмекпен, мәдени нысандармен қамту, спортпен шұғылданатындар санын 50 пайызға жеткізу.
Бұл жоспарды іске асыру бюджет қаражаты, сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылатын болады. Жобаның негізгі мақсаты-халыққа аймақтық стандарттарға сәйкес әлеуметтік игіліктер мен қызметтердің кең спектрін ұсыну. Баяндамадан кейін экономика және қаржы бөлімінің басшысы депутаттардың сұрақтарына жауап беруге кірісті. Олардың бірі ұсынылған жобада көрсетілмеген Денсаулық сақтау, білім беру саласына қатысты болды.
Қанат Қапуов, Павлодар қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
Аталмыш шаралар облыстық бюджеттен қаржыландырылады және облыстық басқармалармен жүзеге асырылады. Олар облысты дамыту жоспарында бекітілген. Ал, біздің жоспарымызда қалалық бюджеттен қаржылатындырылатын индикаторлар жазылған.
Сонымен қатар, депутаттар қаланың дамуына жұмсалатын қаражат бойынша да сұрақтарын қойды. 200 млрд теңгеден астам қаражат жеке инвестициялар арқылы келіп, жүзеге асады екен.
Қанат Қапуов, Павлодар қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
Жеке инвестицияларға келсек, жеке бизнес жүзеге асырып жатқан жобалар. Олар бағдарламаға енгізілген. Бұл ірі кәсіпорындарды келесі жылдары жүзеге асыратын жобалары яғни – Павлодар мұнай химия зауытында жаңа суқұбырының құрылысы, алкилаттарды өңдеу зауыты құрылысы, қонақүй құрылысы және қоқысты сұрыптау зауытының құрылысы жобалары. Жалпы сомасы 263,4 млрд теңге жұмсалмақ.
Қалалық мәслихат депутаттары алдағы жылдарға арналған облыс орталығын дамыту жобасын бірауыздан мақұлдады.
Самал Қалиқызы