Облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласындағы жаңғыртудан кітапханалардың жұмысымен танысты. Заманауи келбетке енген қастерлі орынға қазіргі заманның цифлық жетістіктері де енгізілген.
Торайғыров көшесі 44/1 мекенжайындағы қалалық кітапхандағы ауқымды жұмыстары толықтай аяқталды. Тұрғындар үшін кітап оқуға, білім алуға мейлінше оңтайлы орта құрылды. Тек осы кітапхана қорымен ғана шектілап қалмай Алматы кітапханларына тікелей қосылып, ондағы мол қазынаға қол жеткізуге мүмкіндік жасалды. Ол үшін фамилиясы мен оқырман билетінің номері жеткілікті. Асайын Байханов жаңғыртудан өткен кітапхананың ағашқы оқырманы ретінде тіркеліп, Алматы кітапханаларынан бірқатар кітаптарды қарап көрді. Қастерлі орынға цифрлық жетістіктер мейілінше енгізілді. Оқырмандардың өзіне-өзі қызмет ету терминалы орнатылды. Ұрлыққа қарсы жүйе де іске қосылды. Егер кітап оқырманға тіркелмей сыртқа шығарылса, қауіпсіздік жүйесі автоматты түрде белгі береді. Осылайша кітап беру және қабылдау процестері толықтай автоматтандырылды деуге болады. Ал, кітапананың оқырман залында жылына 200 ге жуық іс-шара өтеді.
Қазір кітап қоры молайтылу үстінде. Жаңа кітаптарды сатып алу ісі де қарқын алған. Соңғы төрт жылда 4 мыңға жуық жаңа кітап алыныпты.
Аймақ басшысы дәл осындай жаңғыртудан өткен Мүбәрәк Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында да болды. Жөндеуден өткеннен кейінгі жұмыс барысымен танысты. Кітапхананың негізгі оқырмандары балалармен тілдесті.
Облыстық Мүбәрәк Жаманбалинов оқуларының жеңімпазы да кітапхана төрінде екен.
Аймақ басшысы оқушыларға осындай мүмкіндіктің бәрі болашақ үшін жасалып жатқандығын айтып, оқушылармен аз-кем әңгіме құрып, кітап оқудың маңыздылығы туралы айтты.