Павлодар облысында «Ертіс-Баян өңірінің асыл аналары» атты облыстық жобаның қорытындысы шығарылды. «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы ұйымдастырған шара Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттауға бағытталған. Жобаға өңірдің 300-ден астам ақ жаулықты анасы қатысты.

«Ертіс-Баян өңірінің асыл аналары» жобасы – өмірде өз міндетін абыроймен атқарып жүрген, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан аналардың еңбегін бағалауды мақсат етеді. Сондай-ақ, олардың өмірлік тәжірибесін жас буынға үлгі етіп ұсыну – жобаның басты бағыты.

Айжан Әбсаттарова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ Павлодар облысындағы филиалы төрағасы

Қазақ аналардың, дана аналардың еңбегі зор екенің біліп энцеклопедиямыз шыққанына қуаныштымыз. Ертіс-баян өңірідің аяулы аналарының кітабы шықты деп қуанып отырмыз. Ертеңгі күні ұл әжелеріміздің ұрпағана қалады деп айта бастадық.

Шара барысында жобаға қатысқан барлық аналарға «Ертіс-Баян өңірінің асыл аналары» атты өнегелік энциклопедия мен «Абзал ана» төсбелгісі табысталды. Марапаттау салтанатына «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің негізі қалаушы Айнұр Жүгінісова арнайы қатысты.

Айнұр Жүгінісова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық ҚБ негізін қалаушы

Былтыр бірінші рет өтіп жатса, биыл жалғасын тауып жатыр, артымыздан жастар еріп, сенің айтқаныңды қайталап істеп жатса қуанысында, Аллаға сансыз шүкір қоғамдық бәрлестіктің саны жылдан жылға көбейіп жатыр. Біз осы санаулы жылдың ішінде 120 астам шара өткізіпті. Бұл риясыз ақысыз жұмыс жасау.

Энциклопедияда аналардың өмір жолы, тағылымды тәжірибесі, елге сіңірген еңбегі кеңінен қамтылған. Кітаптың 350 данасы жарық көрген. Бұл жинақ – ұрпаққа қалатын рухани мұра.

Ләззәт Жүнісбекова, «Ардагер-ветеран» газетінің редакторы

Кітапта аналардың өмірі, олардың қызықтары, бастарынан өткен оқиғалары, 70-80 асқан аналарымыздың естеліктері. Ертең ол ұрпақтарына да естелік болады қаладыдеп ойлаймын.

Марапатталған аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жиналған көпшілікке ақ баталарын берді.

Клара Садықова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ Павлодар облысындағы филиалының мүшесі

Сольнечный кентінен мен бүгін жалғыз келіп тұрмын. Кеше ғана мақпал мәдениет үйінде төс белгі алдым, бүгін облыс орталығына абзал аналарының кітабы мен төс белгіні алып отырмын. Бұл біздің облысымыз үшін алғашқы мүшайра. Өте жақсы өтті .

Зурә Қайырова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ Павлодар облысындағы филиалының мүшесі

Бәріңе де рақмет. Менің жасымды берсін, шалымның жасын берсін. Балашағам бәрі бар.

Анаға тағзым – ұлтқа құрмет. Ертіс-Баян өңірінің асыл аналарына көрсетілген бұл ілтипат қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайтып, жас ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.

Дильназ Қуанышбекқызы