Облыс әкімі Асайын Байханов қала тұрғындары алдында есеп берді. Жиында бұқара облыс орталығын абаттандыру, қалаға іргелес елдімекендерге балабақшы салу, жолдардың жай-күйі және экологияға қатысты мәселе көтерді. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Тағы бір жылымыздың күнтізбесі жабылғалы тұр. Атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, алдағы жоспарларды саралайтын сәт те келді. Биыл облыс орталығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ауқымды жоба жүзеге асты. Бұл туралы өңір басшысы қала тұрғындарымен өткен есептік кездесуде айтты. Қаладағы жылумен қамту желілері 82 пайыз тозған екен. Осы түйткілді шешу үшін соңғы жылдары ауқымды жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Нәтижесінде үш ірі жылу магистралі салынды. Сонымен қатар 60 шақырымға жуық жылу желісі жөндеуден өтті. Соның арқасында мыңға жуық пәтерде жылу қысымы жоғарлады. Бұл жұмыстарға қомақты қаржы бөлінген.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Соңғы 3 жылда облыс орталығы мен 7 ауылдың дамуына 570 млрд теңгеден астам қаражат құйылды. Дегенменде шаһарымызда әлі де жүйелі мәселелер жеткілікті. Қаланың сол өзекті мәселелерімен алдағы даму әлеуетімен даму әлеуетіне тоқталуға рұқсат етіңіздер. Екінші жүйелі мәселе. Ескірген тұрғын үйлер. Біз затон шағын ауданын жаңғыртуды қолға алдық. Мында 20 ескірген үйді бұзып, оларлың орнына 1152 пәтер 9 көпқабатты үйді көздедік. Қала басшылығы бұл ауданда инженерлік желілерді тартады. Хасар Айтпекұлы мында кешенді жұмыс қажет. Қаланың барлық кезең кезеңмен жаңғыртуды тапсырамын.
Экологияны қорғау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Облыс орталығында қоршаған ортаға әсер ететін 400-ге жуық кәсіпорын тіркелген. Атмосфералық ауаның сапасын бақылау үшін қалада жеті арнайы бекет орнатылыпты. Келешекте ірі кәсіпорындарға заманауи цифрлық мониторинг жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
халықты ең көп алаңдататын ең маңызды бағыт. Экологияның жағдайы және ескірген жасыл қор. Павлодарда қоршаған ортаны ластайтын 400 кәсіпорын тіркелген. Қаланың атмосферасын тексеру үшін 7 бақылау бекеті орнатылған. Қазір цифрлық жүйе Қазақстан электролиз зауыты ПМХЗ осындай жүйелерді орнатуды тапсырамын. Өнеркәсіптің қарқынды дамуы экология әсер ететіні белгіліСондықтан өңірдің индустриалды өсуін сақтап, ластаушы заттарды азайтуға басымдық беру қажет.
Облыс әкімінің есебін тыңдағаннан кейін азаматтар ашық микрофонда сауалдарын қойды. Тұрғындар Усолка мөлтек ауданындағы №25-ші мектеп маңайындағы жол қауіпсіздігіне алаңдаулы.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Мектептердің қасында жүргізушілер жан жаққа қарамайды. Балаларға қысым жасайтын болса мүмкін полиция басқармасымен бірлесіп, жарығын тексеру керек хасар Айтбекұлы.
Сондай-ақ қала тұрғындары демалыс аймақтарын салу туралы ұсыныстарын жеткізді. Өңір басшысы бұл бастама кезең-кезеңімен жүзеге асатынын атап өтті.
Жүздесуде тұрғындарды алаңдатқан негізгі мәселелер ашық айтылып, олардың шешу жолдары талқыланды. Өңір басшысы көтерілген әрбір ұсыныс назардан тыс қалмай, кезең-кезеңімен жүзеге асатынын жеткізді. Алдағы уақытта облыс орталығын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын таппақ.
Әйгерім Тоқпанқызы