Жыл соңында өткенді саралап, болашаққа үмітпен қарау – жақсы дәстүр. Осы орайда біздің түсіру тобы қала тұрғындарына «Биылғы жылдағы жетістігіңіз қандай?» және «Елге не тілейсіз?» деген сауалдарды қойып көрді. Олар қандай жауап берді екен, бірге көрейік.

2025 жыл көптеген өзгерістер мен оқиғаларға толы болды. Кейбірі бұл жылды жеке жетістіктерімен, білім алудағы табыстарымен немесе отбасындағы қуанышты сәттерімен байланыстырса, енді бірі ел өміріндегі жаңалықтарды, қоғамдық бастамаларды атап өтті. Олардың жауаптары бір-бірінен өзгеше болғанымен, елге деген шынайы ниет пен тілек бірдей.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қала тұрғындары биылғы жылды ой елегінен өткізіп, алдағы күндерге үлкен үмітпен қарайды. Әрбір айтылған сөз елдің ертеңіне деген жанашырлық пен сенімнің көрінісі. Осындай ақжарма тілектер мен ортақ мақсаттар бірлігімізді нығайтып, жарқын болашаққа бастайтыны анық.

Қымбат Садық