Павлодарда «Сенімен Болашақ» аула балалардан құрылған командалары арасында футбол турнирі өтті. Бұл – қала жасөспірімдерінің спорттық өміріне бейжай қарамайтын жандардың бастамасы. Біздің түсірілім тобы футбол алаңындағы тартысты тамашалап қайтты.
Алаңда – қызу ойын, командалық рух жаңғырығы. Ала допқа иелік ету үшін шынайы күрес. Командала кәсіби спортшылартшылардан құралмаған. Әдепкі өз аулаларындағы футбол алаңдарында жиналып ойнайтын балалардан жиналған. Турнирге 12 мен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Барлығы 16 аула командасы келді. Павлодардың әртүрлі шағын аудандарынан шамамен 180 бала жиналды. Мұндай турнир өткізу идеясы жасөспірімдердің энергиясын спортқа бағыттау жолында, өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында туған.
Ойыншылардың өздері айтқандай, бұл турнирдегі әрбір матч тек жеңіске ұмтылу үшін жанталасу ғана емес. Сонымен қатар жақсы мінез қалыптастыруға дағдылану. Төзімділікке, жігерлі болуға үйрену. Спорттты серік етудің артықшылықтарын сезіну.
Ұйымдастырушылар турнирді әрі қарай дамытуды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта жас командаларды көбірек тартып, жүлде қорын молайтпақ. Ең бастысы осы арқылы балалардың бір-бірімен араласуға үйрету.
урирдің өтуіне ат салысқан әрбір ата-ана балалардың жанашыры дейді бастамашы топ.