Алаяқтық интернет арқылы жасалады. Телефон қоңыраулары, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер қолданылады. Мұндай әрекеттердің көбеюіне байланысты киберқылмысқа қарсы күрес күшейтілді. Құқық қорғау органдары интернет-алаяқтықтың жолын кесу, қылмыстық топтарды анықтау және азаматтарды қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізді.
Қазақстанның киберполициясы шетел аумағында орналасқан 7 call-орталықтың жұмысын тоқтатты. Одан бөлек, ел ішінде де 6 заңсыз call-орталық жойылды. Полиция департаменті мемлекеттік органдармен және байланыс операторларымен бірлесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында кешенді жұмыс жүргізді.
Жандос Сүйінбай, ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы
Бұрыннан дәстүрлі қылмыстар қазіргі уақытта интернет дамыған заманда олардың бәрі онлайн қылмыстар болып жаңа түрлері шығып жатыр. Бұрынғы жай ұрлықтың бәрі онлайнға көшіп қылмыскерлер жаңа айлаларын пайдаланып, өздерінің жаңа түрлерін шығарып, азаматтардың ақшаларын ұрлау бойынша интернеттің дамыған техникаларын қолдануда. Бұндай қылмыспен күресуді үш бағытты біріктіріп, қолданып күресу керек. Олар мысалы заңнамалық шаралар, техникалық шаралар және профилактикалық шаралар. Біздің азаматтарымыздың қаржылық сауаттылығын көтеру. Үш жақты шараларды бірге біріктіріп жұмыс атқарған кезде ғана киберқылмысты тоқтатуға болады.
2025 жылы байланыс операторларымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде 19 миллионнан астам жалған қоңырау бұғатталған. Ал жүйе іске қосылғалы 85 миллионнан аса алаяқтық қоңырауға тосқауыл қойылды. Қылмыстық топ құру және басқару деректері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды. Оның біреуі трансұлттық сипатқа ие.
Жандос Сүйінбай, ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы
Қазіргі уақытта осы техникалық шараның нәтижесінде 100 мыңнан астам симкарталар тәркіленді. 88 мың симбокс тәркіленді. Келесі шаралардың бірі бұл азаматтарымыздың құқықтық, компьютерлік және қаржылық сауаттылығын көтеру. Осы жұмыс бағыты бойынша жыл басынан бері біраз нәтижелер көрсеттік. Бұл БАҚпен бірлесіп, өзіміздің облыс аумағы қызметкерлеріміздің ұйымдастырған арнайы азаматтарымызға қылмыстардың жаңа түрлерін жеткізу бойынша және осындай қылмыстан қалай қорғану бойынша әдістерін айтып жатырмыз. Бұл жұмысты тек біз ғана емес, бүкіл мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізіп жатырмыз.
Халыққа алаяқтықтың жаңа түрлері мен одан қорғану жолдары түсіндірілуде. Тәртіп сақшылары күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеуге және жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуді ескертеді.
Сабина Жолдаспаева