Павлодар қаласында 1 қаңтар күні 7 жастағы бала сырғанақта жарақат алды. Енді балақай қысқы демалысын ем шараларды қабылдап үйде өткізіп жатыр. Жалпы қаладағы сырғанақтарда қаншалықты қауіпсіздік шаралары сақталады? Тілші сюжетінде.

Иә, бұл 7 жастағы бала жарақат алған Зеленая роща аумағындағы сырғанақ. Аумаққа кіреберісте сырғанақ тебуге тыйым салынғаны жазылған. Соған қарамастан ата-аналар мен балалар осында келіп көңіл көтеретіні көрінеді.

Сәуле Шәкенева, Павлодар облысы бойынша балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі

Сырғанақта жарақат алған 7 жастағы баоаны анасымен сөйлестім. Қазір жағдайы тұрақты. Үйде ем алып жатыр. Сынық болған, бірақ қосымша көмек қажет емес деді анасы. Жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Ал, тұрғындар бұл сырғанаққа жылда келетінін әлеуметтік желіде жарыса жазды. Олардың сөзінше, баланың жарақат алуына мында қойылған қоршау себеп болған. Онда пневматикалық тир орналасқан, павлодарлық спортшылар осында жаттығады екен.

Екатерина Ланглиц, биатлон мен шаңғыдан жаттықтырушы

Бұл жерде спортшылар жарысты бастайды. Шақырым жүгіріп, төменге қарай түседі. Төменге түсе бастағанда тыныс алуды қалыпқа келтіріп, мына жерде атады. Одан кейін қайта старт арқылы айналады. Неге бұл жерде, шеңбер осы жерде аяқталады. Мысалы неге стадионда тирді орнатпадық, ол физикалық тұрғыда мүмкін емес. осыған дейін қоршау болмады адамдар ағашқа соғылатын, одан кейін тор орнатылды, оған да келіп соғылатын. Бұл жерде сырғанауға рұқсат жоқ. Техникалық қауіпсіздік шаралары қарастырылмаған.

Пневматикалық тирь неге осы аумаққа орнатылды? Көпшілікті осы сұрақ алаңдатып отыр. Сөйтсе, наурыз айында Павлодарда биатлоннан чемпионат өтеді екен.

Андрей Тарасов, №2 спорт мектебінің директоры

Биатлоннан ҚР чемпионатының екінші туры Павлодарда өтеді. Осыған байланысты басқармаға хат жазып, дайындыққа көмектесуді сұрадық. Осыған байланысты тирьді орналастыру қажеттілігі туындады. Себебі аумақ барлық талаптарға сай. Біздің спортшылар осындай емін еркін дайындалсын деген мақсатта орнатылды. Чемпионат 1-7 наурыз аралығында Павлодарда өтеді. Ал, аумақта сырғанақ тебуге болмайды.

Бұл сырғанаққа қатысты әлі де сұрақтар көп. Ал, облыс әкімі өзінің ресми парақшасында сырғанақ тебуге рұқсат етілген 10 аумақтың тізімін салған. Бұл «Достық» ауданы, Гагарин паркі, Аймауытов паркі, қалалық саябақ, Назарбаев көшесі 6/3, «Восточный» ауданы, «Усолка» ауданы, Орталық жағалау, Естай көшесіндегі еңісте рұқсат етілген сырғанақтар бар.

Самал Қалиқызы