Елімізде 1 қаңтардан бастап жаңа салық кодексі күшіне енді. Жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, шаруа қожалық иелері енді жаңашылдықпен жұмыс істейтін болады.
Салық кодексі салықтық әкімшелендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді. Салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады. Салықтардың саны 20 пайызға азаяды. Бірыңғай жер салығы қысқарды, ал төлемақылар бойынша мөлшерлемелер мен алымдардың саны кеміді.
Арнаулы салық режимдері оңтайландырылды. Енді олар үш жағдайда қолданылады, бұл өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа қожалықтары үшін.
Сонымен жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, тұрақ орындары және өзге де құрылыстар, үй жайлар бойынша, егер бір салық төлеушінің осындай жиынтық құны 450 млн теңгені құраса, онда мүлік салығы 2 946 600 теңгені құрайды. Осылайша 1 қаңтарда күшіне енетін жаңа салық кодексі біраз өзгерістерге әкеледі. Ақпараттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Самал Қалиқызы