5512 әскери бөлімінде қысқы оқу маусымы басталды. Әскери қызметшілер мен қатардағы жауынгерлер таңмен таласа тұрып, оқу маусымының басталуына арналған салтанатты сапқа жиналды. Шараға біздің түсірілім тобы да куә болды.
Қысқы оқу маусымының басталу құрметіне мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран орындалуда. Ұлттық ұлан сарбаздарына артылар міндет аз емес. Қоғамдық қауіпсіздік – асқан қырағылықты қажет етеді. Сындарлы сәтте сүрінбеу үшін тыңғылықты дайындық, терең білім керек. Әскери бөлімнің қызметкерлері мен жауынгерлері алдымен қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған жандарды бір минут үсніздікпен еске алды. Сосын бөлім командирі сөз алып жаңа оқу маусымына сәттілік тіледі.
Арман Пернеқұлов, 5512 әскери бөлімінің командирі
Екі мың жиырма бестің қорытындысы бойынша әскери бөлімге қызмет еткен барлық сарбаздардың бәрін үйіне аман-есен жеткіздік. Жас сарбаздарды қабылдап алды. Ендігі біздің тапсырма Павлодар қаласында 2026 жылы тыныштықты қамтамасыз ету. Жаппай өтетін шараларға белсенді қатысу. Жаппай өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысу. «Заң мен тәртіп» аясында күнделікті қызмет атқару. Бұл барлық командирлердің тікелей міндеті болып табылады.
Жауынгерлер ел тыныштығын күзету жолында әрқашан дайындықты жоғары ұстауға бекінген. Анттарына адал болуға, елдің ұлы деген атқа лайық болуға әзір.
Азамат Бейсенбай, 5512 әскер бөлімінің қатардағы жауынгері
5512 әскери бөліміндегі жаңа оқу жылымен құттытаймын. Осы оқу кезеңінде жауынгерлік дайындықты үйренуге белсенді боламыз. Оқу қортындысы бойынша жоғары баға алуға тілектеспін.
Салтанатты жиынға ардагерлер де қатысып, жас жауынгерлерге сәттілік тіледі.
Сабыр Мусин, 5512 әскери бөлімнің ардагерлер кеңесінің төрағасы
Қараша-желтоқсан айларын еліміздің әр қаласынан жас сарбаздар әскери борышын өтеуге келді. Әскер қызметшілерге, офицерлерге осы оқу маусымын өте жоғары деңгейде өткізулеріне тілектеспін. Мамыр айында оқуда алған білімдері бойынша емтихан тапсырады. Сол емтихан, тексерісте жоғары баға алуларына тілектеспін.
Оқу маусымы бірнеше бағыт бойынша жүреді. Онда ажуынгерлерлік даярлықтан бөлек теориялық білімдері д шыңдалады.