Жаңа жылдан бастап елімізде көлік иелеріне арналған жаңа мүмкіндік іске қосылды. Енді азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлерін өз қалауы бойынша таңдай алады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында кез келген әріптік және сандық таңбалары бар нөмірді еркін таңдауға мүмкіндік беретін нормалар қабылданды. Аталған өзгерістер 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Арай Төлегенқызы, ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін таңдау үшін азаматтар қызметті 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап арнайы мамандандырылған ХҚК орталығы арқылы пайдалана алады. Бұл ретте кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің құны 10-15 АЕК мөлшерінде болады.

Ал сұранысы жоғары, ерекше нөмірлер үшін бөлек мемлекеттік баж қарастырылған. Жаңа тәртіп көлік иелеріне нөмірді өз талғамына сай таңдауға мүмкіндік береді.

Сабина Жолдаспаева