Жаңа жылда өңірде 62 сәби дүниеге келді. Ал табалдырықтан аттаған жылдың алғашқы түнінде перинаталды орталықта 6 нәресте дүние есігін ашты. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен сәбилердің денсаулығы жақсы.
Жылқы жылы дүние есігін бірінші болып қыз бала ашты. Жаңа жыл түнінде перинаталды орталықта 3 ер,3 қыз бала келді. Ал өңірде жалпы қаңтардың бірі мен төрті күндері аралығында 62 сәби дүние есігін ашты. Оның ішінде 25-і – қыз, 37-сі – ұл бала. Облыстық перинаталдық орталықта 44 нәресте өмірге келген. Олардың 21-і – қыз, 23-і – ұл. Екібастұз қалалық ауруханасында 12 шақалақ, Ақсу қалалық ауруханасында 4 сәби дүние есігін ашты. Сондай-ақ Железин ауданында бір қыз, ал Успен ауданында ер бала өмірге келген. Қазір ана мен балалардың көпшілігі үйге жіберілді.
Дархан Сатбаев, облыстық перинаталды орталығының неонатолог дәрігері
Жалпы нәрестелердің туған саны 50 нәресте. 31-інен бүгінгі күнге дейін. Барлық нәрестелердің жағдайы жақсы. Қанағаттанарлық аналармен бірге. Именно жаңа жылда туған 6 нәресте. Алтауының 3 ұл 3 қыз нәрестелер. Ең үлкен туылған нәресте ең кішкентайы 950 грамм болып туылды сол күні.
Облыс орталығының тұрғыны 25 жастағы Арайлым Әбди тұңғышын бауырына басқан бақытты ана. Дәрігерлерден тиісті медициналық көмек алғанын айтып, алғысын жаудырды.
Арайлым Әбди, Павлодар қаласының тұрғыны
Бірінші нәрестені дүниеге әкелдім. Перинаталды орталықтың дәрігерлеріне алғысым шексіз. Өте оңай, аман есен дәрігер Аида және Жанна деген қыздар. Өте керемет персоналдар маған барлығын түсіндіріп, бірінші бала болғаннан кейін біле бермейсің ғой қалай болатынын. Барлығы жағынан көмегін берді өте керемет.
Ал 36 жастағы Гүлбахрам Ақылбекова көпбаланы ана атанды. Енді ол 3 ұл 2 қыз баланың анасы. Жаңа туған ер баланың есімін Нұрәли деп қойды.
Гүлбахрам Ақылбекова, Успен ауданының тұрғыны
Жаңа жыл қарсаңында 5 ұлды дүниеге келтірдім. Коллектив өте жақсы. Өте жылы жүзбен қарсы алды. Өте ризамын осы жердің жұмысшыларына. Дәрігерлеріне.
Облыстық перинаталды перзентханада қазір 900-990 грамм салмағы бар 8 нәресте жатыр. Бұл балалар 2 келі салмақ қосқаннан кейін палатаға ауыстырылады. Жалпы Павлодар өңірінде былтыр 5 мың бала дүниеге келді.
Әйгерім Тоқпанқызы